Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы

Жергілікті бюджеттен

қаржыландырылатын

ұйымдар жұмыскерлерінің

лауазымдық айлықақыларына

ынталандыру үстемақы

белгілеу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы 5-тармағының   3) тармақшасына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:         

  1. Жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіпте Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Ақпараттық медиа орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысы 50 пайыздан аспайтын көлемінде белгіленсін.
  2. Осы шешім 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихат

төрағасы                                                                                            Б. Ақбаев

Дата публикации
03 июля 2025