Ауданның 2024 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы

Ауданның 2024 жылға

арналған бюджетінің орындалуы

туралы

 

 

 2024 жылдың қорытындысы бойынша, «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №37-2 шешімімен бекітіліп, 2023 жылдың 26 желтоқсанында №177122 нөмірімен Әділет басқармасында тіркелген. Байзақ ауданы бойынша 2024 жылға бекітілген бюджеттің түсімдері – 10 654,2 млн. теңге, нақтыланған бюджет – 13 103,2 млн. теңге, түзетілген бюджет – 13 096,1 млн. теңге. Орындалуы – 13 262,7 млн. теңге құрады, бұл түзетілген бюджетке 101,3 пайыз немесе 166,6 млн. теңгеге артық орындалған.

Бекітілген шығыстар көлемі – 10 654,2 млн. теңге, нақтыланған бюджет – 13 255,7 млн. теңге, түзетілген бюджет – 13 248,5 млн. теңге. Орындалуы – 13 116,3 млн. теңгені құрады, орындалуы түзетілген бюджетке 99,0 пайыз құраған немесе 132,2 млн. теңгеге кем орындалған.

Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 38-2 шешіміне сәйкес 18 ауылдық округтері бойынша бекітілген бюджеттің түсімдері 2 178,1 млн. теңге, нақтыланған бюджет – 2 910,4 млн. теңге, түзетілген бюджет – 2 917,3 млн. теңге. Орындалуы 2 956,3 млн. теңгені құрады, бұл түзетілген бюджетке 101,0пайыз немесе 39,0 млн. теңге артық. Жалпы бюджеттің түсімдері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 86,9 млн. теңгеге артқан (2023 жылы түсімдердің орындалуы – 2 869,4  млн. теңге).

18 ауылдық округтері бойынша бюджеттің бекітілген шығыстары –2 178,1 млн. теңге, нақтыланған бюджет – 2 928,4 млн. теңге, түзетілген бюджет 2 935,2 млн. теңге. Орындалуы 2 935,1 млн. теңгені құрады, орындалуы түзетілген бюджетке 100,0 пайыз құрады немесе 0,1 млн. теңгеге игерілмеген. Алайда, жалпы бюджеттің шығыстары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 65,8  млн. теңгеге артқан (2023 жылы шығыстардың орындалуы – 2 869,3  млн. теңге).

Жыл бойы аудан бюджетіне 7 мәрте нақтылау және түзету жасалып, нәтижесінде түсім бөлігі  жоспары 2 441,9 млн. теңгеге артқан немесе 22,9 пайыз, ал шығыстары 2 594,3 млн. теңгеге артқан немесе 24,3 пайыз. Ауылдық округтері бюджетіне 6 мәрте нақтылау және түзету жасалып, нәтижесінде түсім бөлігі 739,2 млн. теңгеге артқан немесе 33,9 пайыз, ал шығыстары 757,1 млн. теңгеге артқан немесе 34,8 пайыз.

2024 жылдың 1-ші қаңтарына аудан бойынша бюджет қаражаттарының қалдықтары 152,4 млн.  теңгені құраған, оның ішінде: аудандық бюджет 134,5 млн. теңге, 18 ауылдық округтері бойынша 17,9 млн. теңге. Ал, жыл соңында аудан бойынша бюджет қаражаттарының қалдықтары 298,8 млн. теңгені құраған. Аталған қалдық қаражат жоспарланған түсімдердің артық түскенінен және жоспарланған шығыстардың игерілмеген есебінен қалыптасқан.

Жалпы ауданның жеке кірістерінің бекітілген жоспары – 3 251,7 млн. теңге, түзетілген жоспары 3 892,0 млн. теңге болса, нақты орындалғаны – 4 057,8 млн. теңге немесе аудан бюджет кірістерінің 33,6 пайыз құраған.

18 ауылдық округтерінің жеке кірістерінің бекітілген жоспары – 390,2 млн. теңге, түзетілген жоспары 756,0 млн. теңге болса, нақты орындалғаны –794,9 млн. теңге немесе 18 ауылдық округтерінің бюджет кірістерінің 26,9 пайыз құраған.

2023 жылдың басына жергілікті бюджетке салықтық берешек сомасы 54,2 млн. теңгені құраса, жыл соңына 53,8 млн. теңгені құраған, жыл басымен салыстырғанда 0,4 млн. теңгеге азайған, немесе 0,7 пайызға кеміген.

Негізгі бюджетке берешек салықтық сомасы төмендегі ерекшеліктері бойынша қалыптасқан:

- 14,3 млн. теңге «101201» төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша берешек, жаңадан тіркелген  жеке кәсіпкерлердің  ағымдағы  салық берешегінен қалыптасқан;

- «104400» жеке тұлғалардың көлік салығы берешегі 58,8 млн. теңге сомасында қалыптасқан;

- «103101» әлеуметтік салық берешегі 8,5 млн. теңге сомасында қалыптасқан;

- 1,9 млн. теңге берешек басқа да ерекшеліктер бойынша қалыптасқан.

Салық базасын кеңейту, қосымша резервтер көзін ашу мақсатында 2024 жылы бірқатар жұмыстар жүргізілген.

 Жер салығы бойынша 114 салық төлеушіден 1,8 млн. теңге қосымша түсім өндірілген. Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан берешек салық сомасы бар 1328 салық төлеушілерге жеке тұлғадан берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығы шығарылып, нәтижесінде 891 салықтық бұйрығы бойынша 72,8 млн. теңге бюджетке өндірілген. Ауданның салықтық түсімдердің бекітілген жоспары тиісті деңгейде орындалған. Жалпы алғанда 18 салықтық түсімдердің 16 ерекшелігі бойынша жоспардан артық орындалған. 18 ауылдық округтерінің жалпы салықтық түсімдердің бекітілген жоспары 356,2 млн. теңге болса, нақтыланған және түзетілген жоспары 675,6 млн. теңгені құраған, нақты түскені – 692,0 млн. теңге, яғни 102,4 пайыз немесе аудан бюджетінің кіріс бөлігі 16,4 млн. теңге артық орындалған және өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 90,6 пайызға немесе 328,9 млн. теңгеге артық түсім қамтамасыз етілген. Жоспарсыз түсу фактілері орын алмаған. Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 2025 жылдың 1 қаңтарына    98,9 пайызға орындалған, бекітілген жоспары – 10 263,9 млн. теңге, нақтыланған жоспары 12 481,7 млн. теңге болса, түзетілгені – 12 474,6 млн. теңге, орындалғаны 12 342,4 млн. теңгені құраған немесе – 132,1 млн. теңге игерілмеген.

18 ауылдық округтер бойынша бюджетінің шығыс бөлігі  2025 жылдың 1 қаңтарына 100,0 пайызға орындалған, бекітілген жоспары –  2 178,1 млн. теңге, нақтыланған жоспары 2 982,3 млн. теңге және түзетілген жоспары 2 935,2 млн. теңге, орындалғаны 2 935,1 млн. теңгені құраған, немесе 0,1 млн. теңге игерілмеген.

2024 жылы бюджетті орындау барысында барлық функционалдық топтар бойынша өзгерістер енгізілген.

2025 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджеті бойынша дебиторлық берешек сомасы 0,2 мың теңге, 161 ерекшеліктен (ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлардан) орын алды, бұл берешек қаңтар айында жабылған.

2024 жылдың 1 қаңтарына Байзақ ауданы бюджеті бойынша кредиторлық берешек 152 ерекшеліктен 22,7 мың теңге байланыс қызметінен орын алды, бұл берешек қаңтар айында жабылды.

Бюджет шығындарының бекітілген жоспарын функционалдық топтар және бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бірнеше мәрте нақтылау мен түзетулер, атап айтқанда негізсіз жоғарылатылған шығыстарды қосу, бюджеттік бағдарламалар арасында тоқсан сайын қайта бөлу, бюджеттік бағдарлама көрсеткіштеріне қол жеткізбеу және үнемделген бюджет қаражатын толық пайдаланбау аудан бюджетін қалыптастыру сапасының төмендігін көрсетеді.  Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің «дәйектілік», «нәтижелілік» «негізділік» және «тиімділік» принциптері сақталмаған.

«Байзақ ауданының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Ж.Ә.Айтқұловтың баяндамасы және «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы  шарттар жобаларын қарау» жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрағасы   Е.С. Ермековтың   қорытындысын   тыңдап   талқылай   келе   аудандық   мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Байзақ ауданының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің бөлімінің басшысы Ж.Ә.Айтқұловтың есебі бекітілсін.
  2. Байзақ ауданының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі» тұрақты комиссия төрағасы Е. Ермековтың қорытындысы назарға алынсын.
  3. Ауданның бюджеттік бағдарлама әкімшілері барлық салалар бойынша түсімдер мен шығыстар көлемін жоспарлау барысында облыстың әлеуметтік – экономикалық деңгейі мен өсуі тетіктерін және жіберілген кемшіліктерді талдап, жасалған қорытындылар негізінде қаржыландыру жоспарының нақты есептерінің жасалуын қамтамасыз ету тапсырылсын.
  4. Аудандық бюджетті жоспарлау барысында түсімдер көлемін жыл басындағы салық берешегін қоса толық анықтау және Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері бойынша салық төлеушілер саны, салықтар салу обьектілері бойынша мониторинг жүргізе отырып толық және дұрыс анықтап, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын нақтылап есептеу ұсынылсын.
  5. Нысаналы трансферттерді пайдалануда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң басшылыққа алу, бөлінген нысаналы транферттер бойынша тұрақты мониторинг жүргізіп, толық, уақтылы және мақсатты игерілуін қамтамасыз етілсін.

 

Аудандық мәслихат

төрағасы                                                                        Б. Ақбаев

Дата публикации
03 июля 2025