(кезекті XLV – сессия)
«Аудан әкімдігі жанындағы
кәмелетке толмағандардың
істері және олардың құқықтарын
қорғау жөніндегі комиссияның
құрамы туралы» Байзақ аудандық
мәслихаттың 2018 жылғы
27 маусымдағы № 31-11 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудан әкімінің 2025 жылғы 24 маусымдағы №1-1219 ұсынысының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына Байзақ аудандық мәслихатының депутаты Ермекова Гүлбахрам Серікқызы комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша), Байзақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Сон Николай Валерьевич комиссия мүшесі (келісім бойынша), Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Байзақ аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Сейдаханов Ерлан Сейдаханұлы комиссия мүшесі (келісім бойынша), Байзақ аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Сәлімбаев Исағали Бошқайұлы комиссия мүшесі (келісім бойынша), «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Байзақ ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының жұмыс берушілермен, ізденушілермен және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Бораншы Еркебұлан Әміржанұлы комиссия мүшесі (келісім бойынша) болып енгізілсін.
- Аталған комиссия құрамынан А. Усербаева, А. Үзен, Е. Ермеков, Н. Мамырбаев, М. Қозбаев шығарылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы Б.Ақбаев