(кезекті ХLV – сессия)
Аудандық мәслихаттың
кезекті ХLV–сессиясының
күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына сәйкес аудандық мәслихат шешІм ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың кезекті ХLV–сессиясының күн тәртібі бекітілсін (қоса беріледі).
Аудандық мәслихат
төрағасы Б. Ақбаев
Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 25 маусымдағы кезекті ХLV–сессиясының «Аудандық мәслихаттың кезекті ХLV–сессиясының күн тәртібі туралы» № 45-1 шешіміне қосымша
Аудандық мәслихаттың кезекті ХLV–сессиясының
К ү н т ә р т і б і:
- Ауданның 2024 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы.
Баяндамашы: Ж. Ә. Айтқұлов – аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы.
- Ауданда ауылшаруашылық кешенін дамытудағы өзекті мәселелер және аудан тұрғындарының тұрмыс деңгейін көтерудің негізін қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың атқарылу барысы туралы.
Баяндамашы: Е. Ж. Рсалиев – аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
- Аудандық мәслихаттың «Экология, табиғатты пайдалану, денсаулық, жанұя мен әйелдер ісі, мүгедектер және тұрғындардың тұрмысы төмен бөлігін әлеуметтік қорғау мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі.
Баяндамашы: А. М. Жәмішжанов – аудандық мәслихаттың «Экология, табиғатты пайдалану, денсаулық, жанұя мен әйелдер ісі, мүгедектер және тұрғындардың тұрмысы төмен бөлігін әлеуметтік қорғау мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
- Байзақ аудандық жер комиссиясын құру туралы.
Баяндамашы: Е. Б. Тұрсынбек – аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы.
- «Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның құрамы туралы» аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 26 наурыздағы № 42-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Ә. Б. Саққұлова – аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
- Аудандық мәслихаттың «Сегізінші шақырылған Байзақ аудандық мәслихатының «Білім, тілді дамыту, мәдениет, ұлттық және азаматтық келісім, жастар ісі, спорт мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамы мен төрағасын сайлау туралы» 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: А. М. Сембиева – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.
- Аудандық мәслихаттың «Сегізінші шақырылған Байзақ аудандық мәслихатының «Экология, табиғатты пайдалану, денсаулық, жанұя мен әйелдер ісі, мүгедектер және тұрғындардың тұрмысы төмен бөлігін әлеуметтік қорғау мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамы мен төрағасын сайлау туралы» 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: А. М. Сембиева – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.
- Бурыл, Мырзатай, Түймекент ауылдық округтеріне қарасты бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы.
Баяндамашы: С. Ш. Сыздықов – аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақы белгілеу туралы.
Баяндамашы: М. Е. Сейтказина – аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы.
- «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Байзақ аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №40-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Д. Б. Жақыпбеков – аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
- Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Байзақ аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 27 маусымдағы № 31-11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Ж. А. Үсенбаев – аудан әкімі аппаратының бас инспекторы.