Байзақ ауданының 2024 жылға
арналған бюджетінің атқарылуы
туралы.
2024 жылдың қорытындысы бойынша ауданда негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсу динамикасы байқалады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,3% пайызды құрады. Өнім көлемі 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,7 млн. теңгеге артық орындалған. Ауыл шаруашылығы саласында 2024 жылы жалпы құны 34570,2 млн. теңгенің өнімі өндірілген. 2024 жылдың 12 айында аудан бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 10628, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 9689 немесе 91,2%. Бөлшек сауда тауар айналымы 24138,3 млн. теңгені құрап, нақты индекс көлемі 101,0 пайызға орындалды. Көтерме сауда айналымының көлемі 4934,7 млн. теңге. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2024 жылдың қорытындысымен 23,4 млрд. теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі есепті мерзімде 16661,2 млн. теңге. Аудан бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасына қатысушылар санының жоспары 5453 адам, орындалуы 6129 адам болып, артығымен орындалды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауданда барлығы 287 спорт нысаны тіркелген.
Аудан бойынша 2024 жылға бекітілген бюджеттің түсімдері – 10 654,2 млн теңге, нақтыланған бюджет – 13 103,2 млн теңге, түзетілген бюджет – 13 096,1 млн теңге. Орындалуы – 13 262,7 млн теңге құрады, бұл түзетілген бюджетке 101,3 пайыз немесе 166,6 млн теңгеге артық орындалған.
Бекітілген шығыстар көлемі – 10 654,2 млн теңге, нақтыланған бюджет – 13 255,7 млн теңге, түзетілген бюджет – 13 248,5 млн теңге. Орындалуы – 13 116,3 млн теңгені құрады, орындалуы түзетілген бюджетке 99,0 пайыз құраған немесе 132,2 млн теңгеге кем орындалған.
Ауылдық округтері бойынша бекітілген бюджеттің түсімдері 2 178,1 млн теңге, нақтыланған бюджет – 2 910,4 млн теңге, түзетілген бюджет – 2 917,3 млн теңге. Орындалуы 2 956,3 млн теңгені құрады, бұл түзетілген бюджетке 101,0% немесе 39,0 млн теңге артық. Жалпы бюджеттің түсімдері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 86,9 млн теңгеге артқан (2023 жылы түсімдердің орындалуы – 2 869,4 млн теңге).
18 ауылдық округтері бойынша бюджеттің бекітілген шығыстары –2 178,1 млн теңге, нақтыланған бюджет – 2 928,4 млн теңге, түзетілген бюджет 2 935,2 млн теңге. Орындалуы 2 935,1 млн теңгені құрады, орындалуы түзетілген бюджетке 100,0% құрады немесе 0,1 млн теңгеге игерілмеген. Алайда, жалпы бюджеттің шығыстары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 65,8 млн теңгеге артқан (2023 жылы шығыстардың орындалуы – 2 869,3 млн теңге).
Жыл бойы аудан бюджетіне 7 мәрте нақтылау және түзету жасалып, нәтижесінде түсім бөлігі жоспары 2 441,9 млн теңгеге артқан немесе 22,9%, ал шығыстары 2 594,3 млн теңгеге артқан немесе 24,3%.
Ауылдық округтері бюджетіне 6 мәрте нақтылау және түзету жасалып, нәтижесінде түсім бөлігі 739,2 млн теңгеге артқан немесе 33,9%, ал шығыстары 757,1 млн теңгеге артқан немесе 34,8%.
2024 жылдың 1-ші қаңтарына аудан бойынша бюджет қаражаттарының қалдықтары 152,4 млн теңгені құраған, оның ішінде: аудандық бюджет 134,5 млн. теңге, 18 ауылдық округтері бойынша 17,9 млн. теңге. Ал, жыл соңында аудан бойынша бюджет қаражаттарының қалдықтары 298,8 млн теңгені құраған.
Аталған қалдық қаражат жоспарланған түсімдердің артық түскенінен және жоспарланған шығыстардың игерілмеген есебінен қалыптасқан.
Жалпы ауданның жеке кірістерінің бекітілген жоспары – 3 251,7 млн теңге, түзетілген жоспары 3 892,0 млн теңге болса, нақты орындалғаны – 4 057,8 млн теңге немесе аудан бюджет кірістерінің 33,6% құраған.
18 ауылдық округтерінің жеке кірістерінің бекітілген жоспары – 390,2 млн теңге, түзетілген жоспары 756,0 млн теңге болса, нақты орындалғаны –794,9 млн теңге немесе 18 ауылдық округтерінің бюджет кірістерінің 26,9% құраған.
2023 жылдың басына жергілікті бюджетке салықтық берешек сомасы 54,2 млн теңгені құраса, жыл соңына 53,8 млн теңгені құраған, жыл басымен салыстырғанда 0,4 млн теңгеге азайған, немесе 0,7%-ға кеміген.
Негізгі бюджетке берешек салықтық сомасы төмендегі ерекшеліктері бойынша қалыптасқан:
- 14,3 млн. теңге «101201» төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша берешек, жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлердің ағымдағы салық берешегінен қалыптасқан;
- «104400» жеке тұлғалардың көлік салығы берешегі 58,8 млн. теңге сомасында қалыптасқан;
- «103101» әлеуметтік салық берешегі 8,5 млн. теңге сомасында қалыптасқан;
- 1,9 млн. теңге берешек басқа да ерекшеліктер бойынша қалыптасқан.
Салық базасын кеңейту, қосымша резервтер көзін ашу мақсатында 2024 жылы бірқатар жұмыстар жүргізілген.
Жер салығы бойынша 114 салық төлеушіден 1,8 млн. теңге қосымша түсім өндірілген. Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан берешек салық сомасы бар 1328 салық төлеушілерге жеке тұлғадан берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығы шығарылып, нәтижесінде 891 салықтық бұйрығы бойынша 72,8 млн. теңге бюджетке өндірілген. Ауданның салықтық түсімдердің бекітілген жоспары тиісті деңгейде орындалған. Жалпы алғанда 18 салықтық түсімдердің 16 ерекшелігі бойынша жоспардан артық орындалған. 18 ауылдық округтарының жалпы салықтық түсімдердің бекітілген жоспары 356,2 млн теңге болса, нақтыланған және түзетілген жоспары 675,6 млн теңгені құраған, нақты түскені – 692,0 млн теңге, яғни 102,4% немесе аудан бюджетінің кіріс бөлігі 16,4 млн теңге артық орындалған және өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 90,6%-ға немесе 328,9 млн теңгеге артық түсім қамтамасыз етілген. Жоспарсыз түсу фактілері орын алмаған. Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 2025 жылдың 1 қаңтарына 98,9%-ға орындалған, бекітілген жоспары – 10 263,9 млн теңге, нақтыланған жоспары 12 481,7 млн теңге болса, түзетілгені – 12 474,6 млн теңге, орындалғаны 12 342,4 млн теңгені құраған немесе – 132,1 млн теңге игерілмеген.
18 ауылдық округтер бойынша бюджетінің шығыс бөлігі 2025 жылдың 1 қаңтарына 100,0%-ға орындалған, бекітілген жоспары – 2 178,1 млн теңге, нақтыланған жоспары 2 982,3 млн теңге және түзетілген жоспары 2 935,2 млн теңге, орындалғаны 2 935,1 млн теңгені құраған, немесе 0,1 млн теңге игерілмеген.
2024 жылы бюджетті орындау барысында барлық функционалдық топтар бойынша өзгерістер енгізілген.
2025 жылдың 1 қаңтарына аудан бюджеті бойынша дебиторлық берешек сомасы 0,2 мың теңге, 161 ерекшеліктен (ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлардан) орын алды, бұл берешек қаңтар айында жабылған.
2024 жылдың 1 қаңтарына Байзақ ауданы бюджеті бойынша кредиторлық берешек 152 ерекшеліктен 22,7 мың теңге байланыс қызметінен орын алды, бұл берешек қаңтар айында жабылды.
Бюджет шығындарының бекітілген жоспарын функционалдық топтар және бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бірнеше мәрте нақтылау мен түзетулер, атап айтқанда негізсіз жоғарылатылған шығыстарды қосу, бюджеттік бағдарламалар арасында тоқсан сайын қайта бөлу, бюджеттік бағдарлама көрсеткіштеріне қол жеткізбеу және үнемделген бюджет қаражатын толық пайдаланбау аудан бюджетін қалыптастыру сапасының төмендігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің «дәйектілік», «нәтижелілік» «негізділік» және «тиімділік» принциптері сақталмаған.
Бюджетті қалыптастыру мен атқару «шығыстарды басқару» принципіне емес, «ресурстарды басқару» принципіне сәйкес жүргізілуі қажет.
Жоғарыда атап өткендерді ескере келіп, 2024 жылға арналған аудан бюджетінің атқарылуын «қанағаттанарлық» деген қорытынды жасалады.
«Байзақ ауданының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Ж. Айтқұловтың баяндамасын, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі І. Төлемісовтың «Байзақ ауданының 2019 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» есеп бойынша жасаған баяндамасын және Байзақ аудандық мәслихатының «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е. Ермековтың қорытынды баяндамасын тыңдап, талқылай келе, аудандық мәслихаттың «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудандық мәслихаттың «Аумақты
экономикалық дамыту, қаржы,
бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым,
адам құқығын қорғау мәселелері
және жер учаскелерін сатып алу
туралы шарттар жобаларын қарау»
жөніндегі тұрақты комиссиясының
төрағасы Е. Ермеков