Байзақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №40-2 «2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

(кезектен тыс ХLІII – сессия)

 

 

Байзақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №40-2 «2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихаты                                                   ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №40-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде №192633 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

          1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:      

«1. 2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет  тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесідей көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 10696225 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 3062474 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 48926 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 47400 мың теңге;

трансферттер түсімі – 7537425 мың теңге;

2) шығындар – 10955968 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 55317 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 119926 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 64609 мың теңге;

4) қаржы активтерімен  операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  - 315060 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 315060 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 119926 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 64609 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 259743 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Байзақ аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы

 

 

Е. Ермеков

Дата публикации
16 апреля 2025