Жоба
|
2025 жылғы 26 наурыз
|
42 – 13
|
(кезекті XLІІ – сессия)
«Байзақ ауданы әкімдігінің жанындағы
жазасын өтеу орындарынан босатылған
азаматтарды әлеуметтік қолдау жұмыстарын
үйлестіру жөніндегі консультациялық кеңесші
органның құрамын бекіту туралы» Байзақ
аудандық мәслихаттың 2020 жылғы
18 наурыздағы №63–6 шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудан әкімінің 2025 жылғы 17 наурыздағы №2–299 ұсынысының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Байзақ ауданы әкімдігінің жанындағы жазасын өтеу орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік қолдау жұмыстарын үйлестіру жөніндегі консультациялық кеңесші органның құрамына аудандық Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Батырхан Шәріпханұлы Жұмабеков кеңес төрағасының орынбасары (келісімі бойынша), аудан прокуратурасының аға прокуроры Жұлдыз Теңлікқызы Қойкенова кеңес мүшесі (келісімі бойынша), аудандық Пробация қызметінің бастығы Нұрсұлтан Құлмұханбетұлы Сайранбаев кеңес хатшысы (келісімі бойынша), аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадина Ерғалиқызы Сейтқазина кеңес мүшесі болып енгізілсін.
- Аталған комиссияның кеңес мүшесі Ерлан Сейдаханұлы Сейдахановтың лауазымының атауы «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Байзақ аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы» деген сөздері «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Байзақ аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі» деп өзгертілсін.
- Аталған кеңесші құрамынан Т.Молдатаев, О.Ибрагимов шығарылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы Б. Ақбаев