БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ ШЕШІМ
Байзақ ауданы Сарыкемер, Үлгілі,
Түймекент, Бурыл, Көктал,
Темірбек ауылдық округтерінің
шекараларын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Байзақ ауданының әкімдігі БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Байзақ аудандық мәслихаты БІРЛЕСКЕН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Осы бірлескен қаулының және шешімнің 1, 2, 3, 4, 5 және 6 қосымшаларына сәйкес, Байзақ ауданындағы Сарыкемер, Үлгілі, Түймекент, Бурыл, Көктал, Темірбек ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы Жамбыл облысы әкімдігіне және Жамбыл облыстық мәслихатына ұсыныс енгізілсін.
|
Байзақ ауданының әкімі
О. Баққараев
|
Байзақ аудандық мәслихат төрағасы
Б. Ақбаев |