Кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27- бабына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) «Байзақ ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы №62-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4522 болып тіркелген);
2) «Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы «Байзақ ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» №62-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №77-10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4867 болып тіркелген).
Байзақ аудандық
мәслихат төрағасы Б. Ақбаев