2025 жылғы 26 наурыз 42-3
(кезекті XLII – сессия)
Ауданда «Ауыл - Ел бесігі» жобасының
шеңберінде әлеуметтік – мәдени және
тұрғын үй коммуналдық шаруашылық
нышандарын, инженерлік инфрақұрылымдарын
дамыту бойынша атқарған жұмыстары туралы.
«Ауданда «Ауыл - Ел бесігі» жобасының шеңберінде әлеуметтік – мәдени және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нышандарын, инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту бойынша атқарған жұмыстары туралы» аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Бекбосынұлы Жақыпбековтың баяндамасын тыңдап, талқылай келе аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарғандығын атап өтілді.
Жоба ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытында бірқатар міндеттерді шешуді көздейді.
Атап айтсақ, әлеуметтік салада білім, денсаулық, мәдениет және спорт нысандарының, коммуналдық шаруашылық саласында сумен, жылумен, газбен және электрмен жабдықтау желілерінің құрылысын, қайта жаңғыртуды және күрделі жөндеуді, көлік инфрақұрылымы саласында ауылішілік көшелерді жарықтандыру және орташа жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды көздейді.
2019-2024 жылдар аралығында «Ауыл-ел бесігі» бойынша 175 жоба іске асырылған, жалпы 9 670,9 млн. теңге игерілді. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында 2 503,3 млн. теңгеге 6 жобаның жұмысы жүргізілді, білім саласында 2 503,3 млн. теңгеге 16 жоба бойынша құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды, мәдениет және спорт салаларында 1 880,1 млн. теңгеге 17 жоба жүзеге асырылды, тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық саласында 560,0 млн. теңгеге 12 жоба, жол саласында 3 511,3 млн. теңгеге 123 жоба және әлеуметтік қамсыздандыру саласында ағымдағы жөндеу бойынша 3,5 млн. теңгеге 1 жоба іске асырылды.
2023 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы бойынша Байзақ ауданында барлығы 42 жоба қолдау тапты, оның ішінде: білім беру саласының мектеп ғимаратын кеңейту құрылысына 1 жоба, спорт саласы нысандарын құрылысына 1 жоба, 1 жоба мәдениет үйінің құрлысына, жолдарды орташа жөндеуге 35,5 шақырым немесе 38 жоба.
Денсаулық сақтау саласы бойынша 2022 жылдан 2023 жылға өтпелі Сазтерек ауылдық округі Абай ауылындағы бір ауысымда 20 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория, Ботамойнақ ауылдық округі Байзақ ауылында бір ауысымда 30 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория нысандардың құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Тегістік ауылындағы 90 орындық мәдениет үйінің құрылысының жобасы аяқталып, құрылысы 2023 жылдың 31 тамызда пайдалануға тапсырылды.
2024 жылы 2 мектепке жапсарлас ғимараттың, 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, 2 мәдениет үйінің және 41 жоба ауылішілік көшелерінің жөндеу жұмыстары «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде қаржыландырылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан 2 жоба іске асырылды. Ол Базарбай ауылындағы Пушкин атындағы орта мектеп ғимаратының спорт залы, асханасы мен 4 оқу кабинетінің жапсарлас құрылысы. 2023 жылы шілде айында бастаған мердігер "Тараз құрылыс Дизайн" ЖШС-гі 2024 жылы 2 ақпанда құрылысын аяқтап, пайдалануға өткізген. Және Қосақ мектебіне жапсарлас спорт зал, асхана құрылысы. Тапсырыс беруші мен мердігер «Taimas Construction Company» ЖШС-гі арасында 422,7 млн. теңгеге 2024 жылдың сәуір айында келісім шарт бекітілген. Қазір сот шешімімен нысанның жұмысы тоқтатылған. (2025 жылға өтпелі жоба)
Байзақ ауданы әкімдігінің сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімі мен 1 мәдениет нысаны, 1 спорт нысаны объектілерілерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда:
Сарыкемер ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына тапсырыс беруші мен мердігер «Bek stroy 2010» ЖШС-гі арасында 290,2 млн. теңгеге 2023 жылдың тамыз айында келісім шарт жасалған. 2024 жылы құрылыс жұмыстарын аяқтау тиіс еді, ҚР Ұлттық қордан трансферттік қаражаттың уақытылы аударылмауына байланысты төленбеген міндеттемелер қосымша келісім жасау арқылы 2025 жылға шегерілді. Сол себептен нысан құрылысы жоспарға сәйкес 2025 жылға өтпелі болды.
Мырзатай ауылында 120 орындық мәдениет үйін салу жобасы бойынша женімпаз мердігер «Ник Тараз» ЖШС-мен 256,4 млн. теңгеге наурыз айында келісім шарт жасалып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Кеңес ауылындағы орындық мәдениет үйінің құрылысын 2023 жылы қазан айында басталып, 2024 жылдың 13 қыркүйек айында құрылысы аяқталды, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар жалпы ұзындығы 41,33 шақырымды құрайтын ауылішілік көшелерді орташа жөндеу жұмыстары 8 ауылдық округтерде 41 жоба қамтылды.
Ботамойнақ ауылдық округі бойынша «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасына сәйкес – 62 578,7 мың теңге қарастырылған. Байзақ ауылында құны 240 млн. теңгенің 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулаториясының құрылысы аяқталып, 2024 жылы пайдалануға берілген. Алайда, өткен жылы ғана пайдалануға берілген ғимарат ішіндегі қабырғалары жарылған, олардың арасы жыл өткен сайын ашыла берері анық. Сонымен қатар интернет желісі өте нашар болғандықтан ауыл тұрғындарын қабылдау жұмысына кедергі келтіруде.
2023 жылы Байзақ ауылы Амангелді Иманов көшесіне, 3,079 км, 60 989,5 мың теңгеге асфальт төселінді. Авторлық қадағалау қызметіне 739,2 мың теңге, техникалық қадағалау қызметіне 850,0 мың теңге жұмсалған. Алайда көшенің жолы ойылып, төселген асфальттың сапасы сын көтермейді. Жұмысты жүргізген мердігер мекемесі «Компания инвест МК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жетібай ауылындағы Төле би жолағы орташа жөндеу 2024 жылы іске асырылған. Орташа жөндеу барлығы 0,695 шақырым 16,4 млн теңге игерілген мердігер «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, зерделеу барысында кепілдік келісім шартты көрсете алмады. Аққия ауылындағы А. Молдагулова көшесінің орта жөндеу жұмыстардың зерттеу актісінде мердігер өкілінің қолы жоқ.
Аудан бойынша «Ауыл ел» бесігі жобасы арқылы орта жөндеуден өткен жолдардың асфальттың сапасы туралы зертханалық қорытындысы жоқ. Жолды жасаған мердігерден уақытында алынбаған. Жолдардың ойылып, жарылуы, мыжылуы себебі, жұмысты қабылдау барысында зертханалық қорытындысын талап етілмегендіктен орын алып отыр.
Көктал ауылдық округінің Саялы массивіне кіретін көпірдің сапасы сын көтермейді. Атап айтқанда көпірдің су өтетін құбырының диаметрі тар болғандықтан шеттері сумен шайылып көпір жарылып, жолмен бірдей болып кеткен. Ол дегеніміз жұмыстың сапасыз орындалғаны болып тұр. Жұмысты жүргізген мердігер мекеме «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Сонымен қатар, Көктал ауылында төселген асфальттың екі жақ жол жиегіне майда шағал тас төселмеген. Бұл жұмыс түрі жобалық сметалық құжатта қарастырылған. Бұл қателіктер Мырзатай, Бәйтерек ауылдық округтерінде де орын алған. Жұмысты жүргізген мердігер мекемесі «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Базарбай ауылындағы Пушкин мектебіне жапсарлас салынған 1 спорт залы 3 оқу кабинеттеріне кіретін қосылған жерінің қабырғасы 2 жерден жарылған және киім ауыстыратын бөлмесінде қабырғасының сылағы түсіп су өткен. Жұмысты жүргізген мердігер мекемесі «ТаразҚұрылысДизаин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
«Ауыл - Ел бесігі» жобасының шеңберінде әлеуметтік – мәдени және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық обьектілерін, инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аудан бойынша жолдардың сапасын бақылау және қабылдау тәртібін күшейту, орта жөндеуден өткен жолдардың сапасын бағалау үшін зертханалық қорытындыны алу ұсынылсын.
- Аудан бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарынан кейін пайдалануға тапсырылған мерзімде авторлық және техникалық қадағалау қызметін күшейту және қоғамдық ұйымдардың қатысуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
- Ауылдық округтерге жұмысты қабылдау актілерінде барлық жауапты тұлғалардың қолдары қойылып, мөрлермен бекіту жұмыстарын қадағалау ұсынылсын.
- Ауданда жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін кем дегенде 3-5 жыл кепілдік мерзімі болуын, мерзім ішінде ақаулар анықталған жағдайда, мердігер мекемелер өз қаражаттары есебінен қалпына келтіруді талап ету ұсынылсын.
- Байзақ ауылындағы амбулатория мен Базарбай ауылындағы Пушкин мектебінде анықталған кемшіліктерді жою үшін мердігерлерге міндеттеме жүктеу және кепілдік мерзімі аясында жөндеу жұмыстарын мерзімінде сапалы орындау ұсынылсын.
- Көктал ауылындағы Саялы массивіне кіретін көпір құрылысының сапасыз орындалған жұмысты мердігер өз қаражаты есебінен қалпына келтіру мәселесін қадағалау ұсынылсын.
- Ең өзекті инфрақұрылымдық жобаларға басымдық беру ұсынылсын. (ауыз су, жол, әлеуметтік нысандар).
Аудандық мәслихат
төрағасы Б. Ақбаев