Байзақ ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегікомиссияның құрамын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 18 наурыздағы №63-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, аудан әкімінің 2023 жылғы 17 шілдедегі №2-812 ұсынысының негізінде аудандық мәслихат шешті:
- Байзақ ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамына аудан әкімінің орынбасары Жамалов Талғат Салқанұлы комиссия төрағасы, аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Ерген Балнұр Мұратқызы комиссия мүшесі (келісім бойынша), аудандық орталық ауруханасының Ана мен бала қызметінің басшысы Жүсіпахметова Гүлмира Жарымбетқызы комиссия мүшесі (келісім бойынша) болып енгізілсін.
- Комиссия құрамынан Д.Дәулетов, М.Аимбекова, А.Құрманқұлова шығарылсын.