Аудан әкімі Б. Қазанбасовтың өзінің функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі туралы.
Аудандық мәслихат, аудан әкімінің орынбасары Д. Жақыпбековтың "Аудан әкімі Б. Қазанбасовтың өзінің функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі" есепті баяндамасын тыңдап, талқылай келе, аудан әкімі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам." атты Жолдауы аясында және өзінің функционалдық міндеттерін атқаруға қатысты нормативтік құқықтық құжаттарды басшылыққа алып атқарып жатқандығын атап өтеді.
Есепті мерзім ішінде ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасы қалыптасқан. Аудан бойынша өнеркәсіп кәсіпорындары 3384,2 млн. теңгенің өнімін өндіріп, өсім 100,4% құраған.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 20 млрд. 777,0 млн. теңге немесе 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында нақты көлем индексі 112,9%-ға артқан.
Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі есепті мерзімде 10 млрд. 511,1 млн. теңге немесе 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 139,3% - ды құраған.
Ауыл шаруашылығы саласында 2023 жылға жалпы құны 2 млрд. 30 млн. теңгені құрайтын 21 жоба жоспарланған. Бүгінгі күнге жалпы құны 930 млн. теңге құрайтын 7 жоба іске асырылып 35 адам жұмыспен қамтылған.
Ағымдағы жылы аудандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы егістік жердің көлемі 60 865 гектарды құрайды, оның 29 411 га суармалы, 31455 га тәлімі.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары қарастырылған.
2023 жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдары жалпы 59910 га алқапқа орналастырылып, 2022 жылмен салыстырғанда 358 гектарға артқан.
2023 жылы 2350 гектар жерге 42 шаруашылық қант қызылшасын орналастырған. Оның 1205 гектарына су үнемдеу технологиясы енгізілген. Соның ішінде 870 гектар жаңбырлатып суару, 335 гектар тамшылатып.
Ағын суды тиімді пайдалану мақсатында су үнемдеу технологиясын 2022 жылы 6210 гектар алқапқа енгізсе ағымдағы жылы су үнемдеу технологиялары 6980 гектар алқапқа енгізілген.
Аудан бойынша шаруашылықтар егін орағын 22 маусым күні бастап, 13 тамызыда барлығы 21550 гектар масақты дәнді дақылдар орылып, жалпы 27 584 тонна өнім алынған, әр гектардан орташа түсім 12,8 центнерді құраған.
Ағымдағы жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 17174,1 млн. теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 101,9% - ды және бөлшек сауда айналымы 12026,3 млн. теңге, нақты көлем индексі - 103,6 % құраған.
2023 жылдың шілде айында құрылыс жұмыстарының көлемі 7708,2 млн. теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 104,8% құрады.
2023 жылы 16690,0 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,4% құрады.
Аудан бойынша 43 елді мекенге толығымен тұрақты түрде табиғи газ берілуде.
Ауданындағы 43 елді мекеннің 35 елді мекені ауыз сумен қамтылған, қалған 4 елді мекендерде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күнге Байзақ ауданы аумағында жалпы қылмыс саны - 9,1 % яғни 176 дан 160 дерекке төмендеген.
Бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыс - 9,1 % 22-ден 20 дерекке төмендеген, мас күйінде жасалған қылмыстардың саны - 36,4 %, 11-ден 7 дерекке төмендеген, топпен жасалған қылмыс -55,2 %, 29-дан 13 -дерекке төмендеген.
Аудан әкімі Б. Қазанбасовтың өзінің функциялары мен міндеттерін орындауында атқарылған жұмыстармен қатар шешімін күтіп тұрған мәселелер де кездеседі.
Бүгінгі күні аудан бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 11222 болса, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 10048 - ді құраған немесе 89,5%. Қалған шаруашылық субъектілерінің жұмыс істемеу себептеріне талдау жасалып, себептері анықталып, оларға қолдау көрсету шаралары қабылданбаған.
Елді мекен көшелері бойынша 290,8 шқақырымды құрайтын 314 көше жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болғанымен, бүгінгі күні соның жартысына жуық 130,3 шқақырымды құрайтын 146 көше қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындада бірқатар олқылықтар орын алған. Атап айтқанда:
Ауданда «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға 5185 адам жоспарланған болса, орындалуы 3811 адам немесе 73,5%.
Жұмыс іздеуші ретінде қайырылғандары 2491 адам, тіркелген жұмыссыздар – 1967 адам.
-жастар практикасына жоспар- 360 адам болса, орындалуы 131 адам;
-ақылы қоғамдық жұмыс орындарына - жоспар 930 адам жоспарланған, орындалуы 672 адам;
-бос жұмыс орындарына (тұрақты) – жоспар 2824 адам жоспарланған, орындалуы 1537 адам;
-алғашқы жұмыс орындарына – жоспар 54 адам, орындалуы 20 адам;
-Ұрпақтар келісім шарты- жоспар 3 адам, орындалуы 1 адам;
-пробация квотасына жоспар 7 адам болса, орындалуы 4 адам;
-мүгедектер квотасының жоспары 7 адам болса, орындалуы 4 адам.
Аудандық емдеу мекемелерінде бүгінгі күні 140 дәрігер, 623 орта буын медицина қызметкерлері, 155 кіші мейірбикелер, 156 басқа мамандықтарда, барлығы 1074 адам қызмет атқаруда. Дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда - 15,0 құрап отыр, ал облыс бойынша бұл көрсеткіш көрсеткіш 22,8 құрайды.
Ауданда қоғамдық тәртіппен тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау саласында бірқатар ілгерілеу байқалғанымен қауіпсіздік толық қамтамасыз етілген деп айта алмаймыз.
Аудан аумағында:
- Қоғамдық орында орын алған қылмыстар +100 % өсіп 7-ден 14 ке,
- Көшелерде жасалған қылмыс саны + 40 %, яғни 5 тен 7 ге өскен,
- Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс +800,0 % яғни 0 ден 8 ге өскен.
Қазіргі уақытта: Қылмыстық іске және әқімшілік құқық бұзушылыққа қатысы бар - 17 (2022 жылы-14) кәмелетке толмаған жасөспірімдер Байзақ аудандық полици бөлімінде профилактикалық және бақылау есебіне алынған.
Аудан әкімінің орынбасары Д. Жақыпбековтың "Аудан әкімі Б.Қазанбасовтың өзінің функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі туралы" баяндамасын тыңдап, талқылай келе аудандық мәслихат ШЕШТІ:
– аудандағы жұмыс істемей тұрған кәсіпкерлердің жұмыстарын саралап, істемеу себебептерін анықтап, жұмыстарын жандандыруға қолдау көрсету;
– ауданда су үнемтеу технологиясын кеңінен насихаттау, шаруаларға кеңес беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы оның көлемін арттыру;
– инвестиция тарту арқылы ауданда ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өндірген өнімдерін қабылдау және өңдеу жұмыстарын жандандыру;
– елді мекендер ішіндегі көшелерді жөндеу жұмыстарына назар аударып, қанағаттанарлық жағдайдағы көшелердің үлесін артыру;
– ауданда «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысу жоспарының толық орындалуын қамтамасыз ету;
– Жастар практикасына және ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жоспарланған жұмыс орындарын толық қамту;
– "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында аудан тұрғындарын дәрігер мамандармен қамтамасыз етуді облыстық деңгейге жеткізу;
– ауданда қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жақсартуға ықпал ету;
– кәмелетке толмағандар арасында қылмыс жасаудың алдын - алу жұмыстарын жетілдіруге ауданның білім беру мекемелерін және жастар тәрбиесіне қатысты мекемелерді толық жұмылдыру;
– аудан жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жастарды спортқа баулу, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмысын жетілдіруді бақылауда ұстау ұсынылсын.