Аудандық мәслихаттың кезекті VIІ – сессиясының күн тәртібі туралы.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 – ші бабына сәйкес аудандық мәслихат шешТІ:
Аудандық мәслихаттың кезекті VIІ – сессиясының күн тәртібі бекітілсін (қоса беріледі).
Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 23 тамыздағы кезекті VIІ – сессиясының «Аудандық мәслихаттың кезекті VIІ – сессиясының күн тәртібі туралы» №7 – 1 шешіміне қосымша.
Аудандық мәслихаттың кезекті VIІ – сессиясының
К ү н т ә р т і б і:
- Аудан әкімі Б. Қазанбасовтың өзінің функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі.
Баяндамашы: Д. Б. Жақыпбеков - Байзақ ауданы әкімінің орынбасары.
- Аудандық мәслихаттың «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі.
Баяндамашы: Е. С. Ермеков - тұрақты комиссияның төрағасы
- «2023-2025 жылдарға арналған Байзақ ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №38-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Қ. Ә. Тайлақбаев – аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
- «Аудан әкімдігінің жанындағы туылғаннан 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасы мен жүкті әйелдерге тәуекелдерді шешу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы» Байзақ аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 24 тамыздағы №31-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Р. С. Мамытбеков - аудан әкімі аппаратының бас инспекторы.
- «Байзақ ауданы әкімдігінің жанындағы жазасын өтеу орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік қолдау жұмыстарын үйлестіру жөніндегі консультациялық кеңесші органның құрамын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 18 наурыздағы №63-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Р. С. Мамытбеков - аудан әкімі аппаратының бас инспекторы.
- «Байзақ ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 18 наурыздағы №63-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Р. С. Мамытбеков - аудан әкімі аппаратының бас инспекторы.
- Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның құрамы туралы.
Баяндамашы: С. С Әбдіреева - атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бөлімінің басшысы.
- «Байзақ ауданының Құрметті азаматы» атағына ұсыныс енгізу жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 18 наурыздағы №63-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Р. С. Мамытбеков - аудан әкімі аппаратының бас инспекторы.
- Жер учаскелерін мемлекеттік мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобаларына келісу туралы.
Баяндамашы: Е. Б. Тұрсынбек - аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы.
- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы.
Баяндамашы: Б. Ж. Әділов - аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының директоры.
- Байзақ ауданы бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы.
Баяндамашы: Ә. Б. Саққұлова - аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.