Ауданда Қазақстан Республикасының
инфрақұрылымды дамытудың
2020 - 2025 жылдарға арналған
"Нұрлы жол" мемлекеттік
бағдарламасының орындалуы
туралы.
"Қазақстан Республикасы Президентінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 27 Жарлығынан туындайтын тапсырмаларды басшылыққа алып, ауданда оның талаптарын сақтауға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарып жатқандығын, ауданның көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға бағытталған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және жұмыс тиімділігін арттыру бағытында нақты шаралар іске асырылған.
Ауданның көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасының 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ауданда көлік қатынасын дамыту мақсатында тиісті бағдарламалар қабылданған.
Аудан аумағында жалпы ұзындығы 132,07 шақырымды құрайтын аудандық маңыздағы автомобиль жолдары және 421,1 шақырымды құрайтын 43 елді мекен көшелері орналасқан. 2022 жылдың қорытындысы бойынша аудандық маңызы бар жолдардың 95 пайызы, елді мекен көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 92,3 пайызды құрайды.
2022 жылы аудан бойынша жалпы 1 миллиард 71,1 млн теңгеге (Республикалық бюджеттен 959278,0мың теңге) және аудандық бюджеттен 111853,0 мың теңге) жалпы 56 шақырымды құрайтын 49 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Қазақстан Республикасының инфрақұрылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында Шахан елді мекенінің К. Әзірбаев атындағы көшесін орта жөндеуге 12 миллион 385 мың теңге, Ж. Жабаев атындағы көшесін орта жөндеуге 25 миллион 823 мың теңге, Бурыл ауылының Көктем және Байзақ датқа көшелерін орта жөндеуге 28 миллион 918 мың теңге, Бурыл - Қостөбе автожолын орта жөндеуден өткізуге 23 миллион 413 мың теңге және Жібек жолы ауылының Желтоқсан және Қ. Рысқұлбеков атындағы көшелерін орта жөндеуден өткізу үшін 22 миллион 861 мың теңге қарастырылып, толығымен игерілген.
Ағымдағы жылы жалпы сомасы 11 миллион 249,5 мың теңгеге 17 аудандық маңызы бар автомобиль жолының, атап айтқанда 2385 шаршы метр аумағына ағымдағы жөндеу жұмыстары толықтай аяқталған.
Аудан бойынша жол жүру ақысы 50 - 200 теңге аралығында белгіленіп Сарыкемер - Тараз, Көктал - Бурыл, Байзақ - Тараз бағытында қоғамдық көліктер тұрақты қатынауда және 2022 жылдың 1 қазанынан бастап қосымша Шахан – Ауыл береке базары және Көкөзек - Ауыл береке базары бағытында 2 қоғамдық көлік қатынасы ұйымдастырылған.
Сарыкемер ауылының іші арқылы Тараз қаласына қатынайтын қоғамдық көліктердің жолында, тұрғындарға қолайлы жерлерге, уақыт талабына сай орындықтармен жабдықталған, төбелері жабық және жан - жағы қоршалған аялдамалар салынған.
Дегенмен, ауданда Қазақстан Республикасының инфрақұрылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында атқарылған жұмыстармен бірге бірқатар кемшіліктер орын алған.
Сарыкемер ауылының Талас өзенінің шығыс бетінде орналасқан тұрғындарына қатынайтын қоғамдық көлік ұйымдастырылмаған. Талас өзенінен өтетін көпірдің екі жағындағы жолдар кеңейтіліп, уақыт талабына сәйкестендірілгенімен көпірдің өзі өзгеріссіз, тар күйінде қалған. Екі көлік қатар келсе әрең сиятын көпірдің жақтауларындағы темірлері сынған және көпірдің жаяу жүргіншілерге арналған бөлігі автокөліктер жүретін жолдан оқшауландырылмаған. Сарыкемер ауылындағы негізгі көшелердің бірі Д.Қонаев атындағы көшенің бойындағы жаяу жүргіншілер жолы бұзылып, қайтадан қалпына келтірілмеген. Көптеген елді мекендердегі көше жарықтарының орнатылғанына бірнеше жыл болғандықтан шамдарының біразы істен шыққан. Осындай келеңсіздіктер Сарыкемер ауылында, Үлгілі ауылының Жақыпбай, Бурыл ауылының Даңғыл ата, Битаева және тағы бірқатар елді мекендердің көшелерінде орын алған.
Елді мекендердің ішіндегі жолдарға тұрғындар тарапынан белгіленген талапқа сәйкес келмейтін жол кедергілерін орнату қалыпты жағдайға айналған. Бұл теріс әрекетті ауылдық округ әкімдері көріп жүрседе ешқандай шара қолданбауда. Сонымен қатар Түймекент орта мектебінің тұсына және Түймекент ауылына кіреберістегі, кедергіні қажет етпейтін жерге шамадан тыс биік және жалпақ жол кедергісі орнатылған.
Сарыкемер ауылындағы Талас өзенінен өтетін көпір, Сарыкемер - Тараз автожолының Байзақ ауданының шекарасынан Тараз қаласына дейінгі бөлігі және Бурыл - Тараз автожолы облыстық маңыздағы автожолдар. Алайда осы жол бөліктерін негізінен Байзақ ауданының тұрғындары пайдаланады және жолдың сапасының нашарлығынан зардап шегіп жүргендерде аудан тұрғындары. Сонымен қатар Бурыл ауылдық округі тұрғындарының сұраныстары бойынша аудандық мәслихат депуттарының бұрыннан көтеріп, депутаттық сауал жолдап жүрген мәселесі, Бурыл ауылының Д. Қонаев атындағы көшесі мен Құмжота көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату жұмысыда шешімін күтіп тұр.
Аудандық маңызы бар, ұзындығы 19,2 шақырым Жібек жолы - Жақаш - Көкөзек автожолы ауыр жүк көліктерінің қатынауынан зақымданып, жеңіл автокөліктердің қатынауында қиындықтар туындатуда.
Байзақ ауданының Диқан, Үлгілі, Ақжар, Көкбастау және Жаңатұрмыс ауылдарынан аудан орталығы Сарыкемер ауылына және Тараз қаласына қатынайтын қоғамдық көліктер ұйымдастырылмаған. Қоғамдық көліктер қатынайтын ауылдарда автобустар аялдамалары талапқа сәйкес келмейді. Жолаушыларға ыстық күнде көлеңкелеп, жауын - шашынды күндері қалқалап, желді - боранды күндері ықтап тұрарлықтай жағдай жасалмаған.
Байзақ ауданындағы туристік нысандарға баратын жолға шағал төселген. Алайда төселген төсеніштің өзі күтімсіздіктен ойдым - ойдым жағдайға ұшыраған. Жазғы мезгілде туристердің шаң жолмен қатынауына тура келетін болса, жауын - шашынды, қарлы мезгілде қатынау мүмкіндігі шектеледі.
Аудандық мәслихат аудан аумағында инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жақсарту және оны жетілдіру мақсатында ШЕШТІ:
- Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп Сарыкемер ауылындағы Талас өзенінен өтетін көпірді екі жағындағы жолдың кеңдігімен сәйкестендіру, жаяу жүргіншілерге арналған жолды автокөліктер жолынан оқшаулау;
- Сарыкемер - Тараз автожолының Байзақ ауданының шекарасы мен Тараз қаласы аралығын және Бурыл - Тараз автожолдарын жөндеуден өткізу;
- Бурыл ауылының Д. Қонаев атындағы көшесімен Құмжота көшесінің қиылысына бағдаршам орнату;
- көше жарықтарын зерделеп, мерзімі өткен шамдарды ауыстыру, жарығы жоқ көшелерге жарық орнату жұмыстарын атқару;
- елді мекендер арасындағы аудандық маңыздағы жолдарды зерделеп, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- қоғамдық көліктер қатынамайтын елді мекендерге қоғамдық көліктердің қатынауын үйлестіру;
- аудандағы туристік нысандарға қатынайтын жодарды асфальттап, туристердің қатынауына қолайлы жағдай жасау;
- жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың бұзылғандарын жөндеп, жоқ жерлеріне асфалт төсеп, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Сарыкемер ауылының Талас өзенінің шығыс бөлігіндегі тұрғындарды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету жұмысын үйлестіру;
- көшелердегі заңсыз орнатылған жол кедергілерін жою, қажеттілерін заң талаптарына сәйкестендіру;
- қоғамдық көліктер жүретін жолдарға уақыт талабына сай аялдамалар салу, барларына жөндеу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.