Байзақ ауданының 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы

Байзақ ауданының 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы

 

 Бекітілгенде 2022 жылға арналған аудан бюджетінің түсімдері -17 269,1 млн. теңге, нақтыланған бюджет – 23 140,7 млн. теңге, түзетілген бюджет – 23 159,3 млн теңге. Орындалуы – 23 268,5 млн. теңгені құрады. Бұл түзетілген бюджетке 100,5 пайыз,  немесе 109,2 млн. теңгеге артық орындалған.

Жалпы бюджеттің түсімдері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 853,8 млн.теңгеге кеміген.

Бекітілген шығыстар көлемі – 17 269,1 млн. теңге, нақтыланған бюджет – 23 307,3 млн теңге, түзетілген бюджет – 23 325,9 млн. теңге. Орындалуы – 23 141,7 млн. теңгені құрады, орындалуы түзетілген бюджетке 99,2 пайызды құраған, немесе 184,2 млн. теңгеге кем орындалған. Жалпы бюджеттің шығыстары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 841,0 млн. теңгеге артқан. Алайда, жалпы бюджеттің шығыстары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  (1 519,6–2 419,2)  899,6 млн. теңгеге артқан.

Жыл бойы аудан бюджетіне 4 мәрте нақтылау және түзету жасалып, нәтижесінде түсім бөлігі жоспары 5 788,8 млн. теңгеге артқан                     (17 118, 8–22 907,6) немесе 33,8%, ал шығыстары 5 947,6 млн. теңгеге артқан (17 118, 8–23 066,4) немесе 34,7%. Оның ішінде:

- аудандық бюджетке 4 мәрте нақтылау және түзету жасалып, нәтижесінде түсім бөлігі 5 794,6 млн. теңгеге артқан (16 900,3 – 22 694,9) немесе 34,2%, ал шығыстары 5 907,7 млн. теңгеге артқан (16 900,3 – 22 808,1)  немесе 34,9%;

 - 18 ауылдық округтері бюджетіне 6 мәрте нақтылау және түзету жасалып, нәтижесінде түсім бөлігі 353,9 млн. теңгеге артқан (2 022,2 – 2 376,2) немесе 17,5%, ал шығыстары 399,5 млн теңгеге артқан (2 022,2- 2 421,8)  немесе 19,7%.

Аудан бойынша 2022 жылдың 1-ші қаңтарына бюджет қаражаттарының қалдықтары   172,8 млн.теңгені   құраған,  оның  ішінде:  аудандық   бюджет  127,2 млн.теңге,  18  ауылдық  округтері  бойынша  45,6  млн. теңге.  Ал,  жыл  соңында аудан    бойынша    бюджет    қаражаттарының    қалдықтары    299,6  млн.теңгені аудан бойынша бюджет қаражаттарының қалдықтары 299,6 млн. теңгені құраған.

Аталған қалдық қаражат жоспарланған түсімдердің артық түскенінен және жоспарланған шығыстардың игерілмеген есебінен қалыптасқан.

Оның ішінде:

Аудандық бюджетінің бекітілген кіріс бөлігі – 16 900, 4 млн. теңге, нақтыланған бюджет кірісі 22 676, 3 млн. теңге болса, түзетілген бюджет кірісі 22 695,0 млн. теңгені құраған, нақты түскені 22 778, 4 млн. теңге, яғни 100,4% немесе аудандық бюджетінің кіріс бөлігі 83,4 млн. теңге артық орындалған. 18 ауылдық округтарының бюджетінің бекітілген кіріс бөлігі – 2 022,2 млн. теңге, нақтыланған бюджет кірісі 2 376,2 млн. теңге болса, түзетілген бюджет кірісі 2 376,2 млн. теңгені құраған, нақты түскені 2 391,4 млн. теңге, яғни 100,6% немесе кіріс бөлігі 15,2 млн. теңге артық орындалған.

Жалпы ауданның салықтық түсімдердің бекітілген жоспары  2 125,9 млн. теңге болса, нақтыланған және түзетілген жоспары 2 532,1 млн. теңгені құраған, нақты түскені 2 620,8 млн. теңге, яғни 103,5% немесе аудан бюджетінің кіріс бөлігі 88,7 млн. теңге артық орындалған және өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,6%-ға немесе 539,5 млн теңгеге артқан.

2022 жылы негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер аудан бойынша бекітілген бюджет кірісі 66, 5 млн. теңге болса, нақтыланған және түзетілген бюджет  89, 3 млн. теңгені құраған, орындалғаны 98,2 млн. теңге, немесе бюджет кірісі 110,0% құрап  8, 9 млн. теңге артық түскен. Мемлекеттік органдар тарапынан бюджеттік қатынастар бойынша бұрынғы қабылданған шешімдерді сақтамау, аудан бюджетінің түсімдер мен шығыстар бөлігін жоспарлау сапасының төмендігі «дәйектілік» және «негізділік»  принципінің, бюджет қаражатан игермеу және үнемделген бюджет қаражатын толық пайдаланбау салдарынан бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсеткіштерге қол жеткізбеу «нәтижелік» және «тиімділік» принциптері сақталмаған.

Аудан бюджетінің бекітілген параметрлерінің ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштеріне сәйкес келмеуі «реалистік» принципінің сақталмағанын көрсетті.

Бюджетті қалыптастыру мен атқару «шығыстарды басқару» принципіне емес, «ресурстарды басқару» принципіне сәйкес жүргізілуі қажет.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері олардың шығыстары тұрғысынан емес, олардың қызмет нәтижелері тұрғысынан, яғни нәтижелерге бағытталған бюджет ретінде қаралуы қажет.          

        Ресурстардың қатаң шектеулілігі жағдайында мақсаттарға қол жеткізу ғана емес,   қаржыландырудың    басым    бағыттарын    айқындау    маңызды   болып

табылады.

«Байзақ  ауданының  2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы»  аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің  басшысы Ж.Айтқұловтың баяндамасын және тексеру комиссиясы мүшесінің қорытындысын тыңдап, талқылай келе, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

  1. 2022 жылға арналған бюджетінің орындалуы жөніндегі аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Ж. Айтқұловтың есебі бекітілсін.
  2. Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
    Б. Жолымбетовтың «Байзақ ауданының 2022 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» есеп бойынша жасаған баяндамасы назарға алынсын.
  3. Байзақ аудандық мәслихатының «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е. Ермековтың қорытындысы назарға алынсын.
  4. Аудан әкімдігіне:

- өңірдің әлеуметтік-экономикалық тиімді және үздік дамуына қажетті тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджетті қалыптастыру мен атқару бойынша шараларды қабылдау ұсынылсын.

  1. Ауданның бюджеттік бағдарлама әкімшілері барлық салалар бойынша түсімдер мен шығыстар көлемін жоспарлау барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық деңгейі мен өсу тетіктерін және жіберілген кемшіліктерді талдап, жасалған қорытындылар негізінде қаржыландыру жоспарының нақты есептерінің жасалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
  2. Байзақ ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне аудандық бюджетті жоспарлау барысында түсімдер көлемін жыл басындағы салық берешегін қоса толық анықтау және Қазақстан Республикасының Салык кодексіне сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері бойынша салық төлеушілер саны, салықтар салу объектілері бойынша мониторинг жүргізе отырып толық және дұрыс анықтап, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын нақтылап есептеу ұсынылсын.

 -  аудан  әкімдігінің  экономика  және  жоспарлау  бөлімі  бюджетті жоспарлау және орындау барысында бюджет қаражатын басқарудың Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптеріне қайшы келетін кемшіліктерді болдырмау және алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу ұсынылсын.

  1. Аудан әкімдігінің қаржы  бөліміне  нысаналы  трансферттерді пайдалануда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң басшылыққа алу, бөлінген нысаналы транферттер бойынша тұрақты мониторинг жүргізіп, толық, уақтылы және мақсатты игерілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.           
  2. Тұрақты негізде біліктілікті арттыру курстарын өткізіп тұру ұсынылсын.
Дата публикации
20 октября 2023