(кезектен тыс LXXI – сессия)
«Байзақ ауданы әкімдігінің жанындағы
жазасын өтеу орындарынан босатылған
азаматтарды әлеуметтік қолдау жұмыстарын
үйлестіру жөніндегі консультациялық кеңесші
органның құрамын бекіту туралы» Байзақ
аудандық мәслихаттың 2020 жылғы
18 наурыздағы №63-6 шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудан әкімінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №2-955 ұсынысының негізінде Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байзақ ауданы әкімдігінің жанындағы жазасын өтеу орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік қолдау жұмыстарын үйлестіру жөніндегі консультациялық кеңесші органның құрамына Байзақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Исаков Мират Нұрғалиұлы комиссия мүшесі, Байзақ аудандық Полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Рәпілбек Асхат кеңес мүшесі (келісімі бойынша) болып енгізілсін.
2. Аталған кеңесші құрамынан А. Тасеменов, А. Бақытұлы шығарылсын.
Байзақ аудандық мәслихат
төрағасының міндетін атқарушы А. Жамишжанов