«Аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны құру туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2026 жылғы 18 мамырдағы №63-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

(кезекті LXIX – сессия)

 

«Аудан әкімдігінің жанындағы

кәмелетке толмағандардың істері

және олардың құқықтарын қорғау

жөніндегі комиссияны құру туралы»

Байзақ аудандық мәслихатының

2026 жылғы 18 мамырдағы №63-5

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудан әкімінің 2026 жылғы 08 қыркүйектегі №2-867 ұсынысының негізінде Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Байзақ аудандық білім бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі бас маманы Каленова Ұлжан Меделбекқызы комиссия мүшесі, «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Байзақ ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының жұмыс іздеушілерді қолдау секторының басшысы Қайнашев Алтынбек Тельмахметұлы комиссия мүшесі, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры Серікбаев Тимур Құралбекұлы комиссия мүшесі болып енгізілсін.

2. Көрсетілген комиссия құрамынан Ә. Ибрагимова, Е. Бораншы, Н. Искаков шығарылсын.

 

          Байзақ аудандық

          мәслихат төрағасы                                                                 Б. Ақбаев

Дата публикации
23 сентября 2026