(кезектен тыс LXVІII - сессия)
Байзақ аудандық мәслихатының
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
«Байзақ ауданының Байзақ, Жетібай,
Үлгілі, Көктал, Талас, Қостөбе, Қарасу
елді мекендерін дамыту және құрылыс
салу схемаларын (оңайлатылған бас жоспарларын)
бекіту туралы» №24-11 шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23 - 1 бабының 1 тармағына сәйкес Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байзақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы «Байзақ ауданының Байзақ, Жетібай, Үлгілі, Көктал, Талас, Қостөбе, Қарасу елді мекендерін дамыту және құрылыс салу схемаларын (оңайлатылған бас жоспарларын) бекіту туралы» №24-11 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) аталған шешімнен «Талас» сөзі мен Талас елді мекенінің дамыту және құрылыс салу схемалары (оңайлатылған бас жоспарлары) алынып тасталсын.
2) осы шешімдегі Үлгілі елді мекенінің дамыту және құрылыс салу схемаларына (оңайлатылған бас жоспарларына) осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
|
Байзақ аудандық мәслихат төрағасы |
|
Б. Ақбаев |