Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы

(кезектен тыс LXIV – сессия)

Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы

құқық бұзушылық профилактикасы

жөніндегі ведомствоаралық

комиссияны құру туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ. Бүркітәлиевтің 2026 жылғы 15 мамырдағы     №5-415 ұсынысының негізінде Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
  2. Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы бекітілсін.
  3. «Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі №2-8 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

          Байзақ аудандық

          мәслихат төрағасы                                                                   Б. Ақбаев

 

Дата публикации
29 мая 2026