ХАБАРЛАМА Әйтеке би аудандық қоғамдық кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс туралы
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Әйтеке би аудандық қоғамдық кеңесінің құрамындағы бос орындарға қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурс жарияланады.
Қоғамдық кеңестің екі мүшесінің өкілеттігі олардың бірінің басқа елді мекенге қоныс аударуына, екіншісінің қайтыс болуына байланысты тоқтатылуына орай, қоғамдық кеңес құрамындағы 2 бос орынға кандидаттардан құжаттар қабылдайды.
Конкурсқа жасы он сегізгетолған, Әйтеке би ауданында тұрғылықты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, қоғамдық кеңес мүшелігіне қойылатын заңнамалық талаптарға сәйкес келетін және қоғамдық кеңестің жұмысына қатысуға ниетті азаматтық қоғам өкілдері шақырылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауға тиіс;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылған болмауы;
3) психикалық, мінез-құлықтық бұзылуларға (ауруларға) байланысты, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан құжаттарды қабылдау 22 қыркуйектен 02 қазанға дейін, сағат 09.00-ден 18.00 дейін, үзіліс 12.30-тен 14.00 дейін,мемлекеттік/немесе орыс тілдерінде, қағаз және электронды түрде мына мекен-жай бойынша қабылданады:
Атауы: Әйтеке би ауданының Қоғамдық кеңесі;
Пошталық мекен-жайы: 030100, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылы, Молдагулова көшесі, №23.
Электронды пошта мекен жайы: aitekebi.maslikhat@mail.
Анықтамалар үшін телефондар: 87051711929.
Учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелер сайлау туралы Әйтеке би аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты, учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелер сайланатындығы туралы хабарлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2026 жылғы 14 қыркүйектен 2 қазанына дейін аудандық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партия, өзге де қоғамдық бірлестік органы, олардың құрылымдық бөлімшелері отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;
2) саяси партияны, өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) аудандық мәслихатқа кандидаттың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші (өтініш нысанын мәслихаттан алуға болады).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 14 қыркүйектен 2 қазанына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Аудандық мәслихаттан құжаттарды қабылдау бойынша жауапты тұлға З.Касымкулова. Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылы, Темірбек Жүргенов к-сі 62, Әйтеке би аудандық мәслихаты, байланыс телефондар: 8-713-39-21-7-15, 8-777-751-28-03 e-mail: aytekebi.maslikhat@mail.ru
|
Учаскелік сайлау комиссиясының нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Бос орындар саны |
|
№126 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Сұлұкөлауылы |
1 |
|
№127 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Теренсай ауылы |
1 |
|
№128 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Әйке ауылы |
1 |
|
№130 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Толыбай ауылы |
1 |
|
№132 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Байжанкөл ауылы |
1 |
|
№133 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Аққұм ауылы |
1 |
|
№142 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Талдысай ауылы |
1 |
|
№147 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Қарабұтақ ауылы |
1 |
|
№148 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Жаруткел ауылы |
1 |
|
№155 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Ұлғайсын ауылы |
1 |
|
№156 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Талдық ауылы |
1 |
|
Барлығы |
11 |
|
⚜️ Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Сейлханов Берік Дүйсенғалиұлының төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті 50-сессия отырысы өтті.
🔹 Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Д.Убайдуллин, мәслихат депутаттары және мекеме басшылары қатысты.
✅ Сессияның күн тәртібінде Әйтеке би аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 маусымдағы № 225 «Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы және т.б. мәселелер қаралып, тыңдалды.
🔹 Депутаттар сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылып, тиісті шешімдер қабылдады.
Әйтеке би аудандық мәслихатының кезекті елуінші сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына және 19-бабына сәйкес, ӨКІМ ЕТЕМІН:
Әйтеке би аудандық мәслихатының кезекті елу үшінші сессиясы 2026 жылдың қыркүйек айының 8-не сағат 10:00 шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 маусымдағы № 225 «Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Баяндамашы: аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы - Ш. Жусупов.
2. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы.
3. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №146 «Әйтеке би ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Әйтеке би аудандық мәслихаттының 2026 жылғы 10 ақпандағы №475 «Әйтеке би аудандық жер комиссиясының ережесі және жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
|
Әйтеке би аудандық мәслихатының төрағасы: |
|
Б. Сейлханов |
📚 1 қыркүйек – Білім күні!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қадірлі оқушылар!
Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – білімге ұмтылудың, жаңа мақсаттар мен үлкен армандарға қадам басудың бастауы. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге сәттілік тілеймін! Ал ұстаздарға жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін.
Жаңа оқу жылы әр шаңыраққа қуаныш, оқушыларға биік жетістіктер, ұстаздарға шығармашылық шабыт әкелсін! Білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ – ел болашағының берік негізі.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жаңа оқу жылында толағай табыс тілеймін!
Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы сәтті өтсін!
Құрметпен,
Әйтеке би аудандық мәслихатының төрағасы
Сейлханов Берік Дүйсенғалиұлы
ҚҰРМЕТТІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Адам өмірі мен денсаулығын қорғау – үлкен жауапкершілік пен асқан адамгершілікті талап ететін қасиетті мамандық. Сіздер күн сайын біліктіліктеріңіз бен табандылықтарыңызды танытып, тұрғындардың саулығы жолында аянбай еңбек етіп келесіздер.
Халықтың денсаулығын нығайтуға, медициналық қызмет сапасын арттыруға қосып жүрген еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, кәсіби жетістіктер мен бақ-береке тілеймін!
Ізгі тілекпен,
Әйтеке би аудандық мәслихатының төрағасы
Б. Сейлханов
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Аудандық мәслихаттың төрағасы, №9 сайлау округінің депутаты Б. Сейлханов Т.Жүргенов ауылдық округінде жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында ауыл тұрғыны Құлымбаев Марат Құнтазұлы жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдірді. Мәселесі оң шешімін тауып, Құлымбаев Марат Құнтазұлы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Әйтеке би аудандық кеңесіне іс қағаздарын жүргізуші болып жұмысқа орналасты.
Ағымдағы жылдың 12 маусым Астана қаласында «AMANAT» партиясының кезекті Съезі өтті. Оның қорытындысы бойынша партия мүшелері мемлекетті дамыту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесін саралап, «Әділет» партиясының қосылуы туралы шешімді қолдады. Бұл бастама Мемлекет басшысының ел дамуының жаңа кезеңінде қоғамдық-саяси күштерді ортақ құндылықтар мен мақсаттар төңірегінде топтастыру жөніндегі үндеуіне қолдау ретінде қабылданды.
Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен келген делегаттар, Саяси кеңес мүшелері, Парламент депутаттары, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты. Делегаттардың жалпы саны 1500-ден асты. Аталған іс-шараға Әйтеке би аудандық мәслихатының төрағасы Б.Сейлханов қатысты.
Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалардың қоғам мен мемлекетті жаңғыртудағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі кезеңде тәуелсіздікті нығайту, халықтың әл-ауқаты мен бірлігін арттыру, ұлттық құндылықтарды сақтау негізгі басымдықтардың қатарында.
Съезд барысында елдің болашағына қатысты маңызды мәселелер қаралып, саяси күштердің бірігуі мен қоғамның тұрақты дамуына бағытталған ұсыныстар кеңінен талқыланды.
Съезд қорытындысы бойынша делегаттар «Әділет» партиясының қосылуына қатысты стратегиялық шешімді бірауыздан қолдап, елдің одан әрі дамуы мен Президент жүргізіп отырған реформаларды жүзеге асыру жолындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелер сайлау туралы Әйтеке би аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты, учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелер сайланатындығы туралы хабарлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2026 жылғы 11 маусымнан 1 шілдеге дейін аудандық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партия, өзге де қоғамдық бірлестік органы, олардың құрылымдық бөлімшелері отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;
2) саяси партияны, өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін)тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) аудандық мәслихатқа кандидаттың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясыныңжұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші (өтініш нысанын мәслихаттан алуға болады).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы,мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 11 маусымнан 1 шілдеге дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Аудандық мәслихаттан құжаттарды қабылдау бойынша жауапты тұлға З.Касымкулова. Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылы, Темірбек Жүргенов к-сі 62, Әйтеке би аудандық мәслихаты, байланыс телефондар: 8-713-39-21-7-15, 8-777-751-28-03 e-mail: aytekebi.maslikhat@mail.ru
|
Учаскелік сайлау комиссиясының нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Бос орындар саны |
|
№140 учаскелік сайлау комиссиясы |
Әйтекеби ауданы Темірбек Жүргенов ауылы |
1 |
|
Барлығы |
1 |
|
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 48-СЕССИЯСЫ ӨТТІ
⚜️ Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Сейлханов Берік Дүйсенғалиұлының төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті 48-сессия отырысы өтті.
🔹 Сессия отырысына аудан әкімі Д.Қ.Тоғызбаев, мәслихат депутаттары және мекеме басшылары қатысты.
🖋️ Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және 2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп, Ақтөбе облысы тексеру комиссиясының 2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау қорытындылары, ауылдық округтердің 2025 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есептері, сондай-ақ аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №444 «2026–2028 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері қаралып, тыңдалды.
🔷 Сессия барысында депутаттар баяндамашыларға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Сонымен қатар көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.
✅ Мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ұстанымдарын білдіріп, қабылданатын шешімдердің аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және өңірдің тұрақты дамуына ықпал етуінің маңыздылығын атап өтті.
📌 Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
#мәслихатсессиясы
#мәслихатдепутаттары
#Әйтекебиауданы