Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша – «Әулиекөл ауданының 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №391 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және мәселелер қаралды.
Аталған мәселелер бойынша Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Д. Асадовтың, сондай-ақ Әулиекөл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Т. Печникованың баяндамалары тыңдалды.
Мәселелерді қарау қорытындысы бойынша аудандық мәслихат депутаттары жоғарыда аталған мәслихат шешімдеріне өзгерістер енгізуді бірауыздан қолдады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
Әулиекөл аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 30 қыркүйектегі сағат 10.00-де аудан әкімі аппаратының үлкен залында мынадай күн тәртібімен шақырылсын:
1. Мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №391 «Әулиекөл ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2. Әулиекөл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
3. Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №140 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аудандық мәслихатының төрағасы Д.Қойшыбаев
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабын басшылыққа ала отырып, Әулиекөл аудандық мәслихаты № 250, №258, № 261, № 263, № 263, № 266, № 266, № 266, № 276, № 277, № 283, № 284 сайлау учаскесі бойынша учаскелік сайлау комиссиясынан шығып қалған мүшелерінің орнына кандидатуралар бойынша ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.
Ұсыныстар саяси партиялар мен басқа қоғамдық бірлестіктерден хабарлама жарияланғаннан кейін 15 күн мерзімінде қабылданады.
Үміткерлерді тіркеу мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, 1 Май көшесі 44., №18 кабинет, телефон 8(71453) 22-1-41, электрондық пошта мекенжайы: aul_maslihat@mail.kz
Әулиекөл аудандық
мәслихаттың төрағасы Д. Қойшыбаев
23 шілде күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Әулиекөл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті, онда депутаттар бірқатар мәселелерді талқылады.
Бірлескен отырыста Чернигов, Қазанбас және Сұлукөл ауылдық округтерінің әкімдері өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді. Бұдан кейін Әулиекөл ауданының Мансап орталығының басшысы Б.С. Жақсылықованың «Мемлекеттік секторда және бизнесте халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа орналастыру бойынша квоталардың орындалуы туралы», сондай-ақ Әулиекөл аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Т.С. Бегісбаевтың «Әулиекөл ауданы тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің жай-күйі және оны жақсарту жөніндегі шаралар туралы» ақпараттары тыңдалды.
Қаралған барлық мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары талқылауға белсенді қатысып, баяндамашыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтарға жан-жақты түсіндірмелер берілді. Талқылау қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялар тиісті ұсынымдар қабылдады.
2026 жылғы 23 шілдеде аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Д.С. Қойшыбаевтың төрағалығымен Әулиекөл аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті.
Сессия барысында депутаттар күн тәртібіне енгізілген мәселелерді қарады. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «Әулиекөл ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі» бойынша Әулиекөл ауданының әкімі Ж.К. Тәукенов баяндама жасады.
Талқылау барысында аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Ф. Тұрмағамбетов Әулиекөл ауданы әкімінің жұмысын қанағаттанарлық деп танып, ұсынылған есепке оң баға берді.
Сондай-ақ, «Әулиекөл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы Т. Печникова «2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 391 «Әулиекөл ауданының 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 399–411 «Әулиекөл ауданының ауылдарының, кентінің және ауылдық округтерінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» мәслихат шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» шешімдердің жобаларын таныстырды.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған шешімдердің жобаларын бірауыздан қолдап, тиісті өзгерістерді енгізу туралы шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабын басшылыққа ала отырып, Әулиекөл аудандық мәслихаты № 1, № 2, № 3, №3, № 4, № 5, № 6, № 7, № 9, № 10, № 11 округтік сайлау комиссияларының және № 275 сайлау учаскесі бойынша учаскелік сайлау комиссиясынан шығып қалған мүшелерінің орнына кандидатуралар бойынша ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.
Ұсыныстар саяси партиялар мен басқа қоғамдық бірлестіктерден хабарлама жарияланғаннан кейін 15 күн мерзімінде қабылданады.
Үміткерлерді тіркеу мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, 1 Май көшесі 44., №18 кабинет, телефон 8(71453) 22-1-41, электрондық пошта мекенжайы: aul _maslihat@mail.kz.
Әулиекөл аудандық
мәслихаттың төрағасы Д. Қойшыбаев
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
Әулиекөл аудандық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 10.00-де аудан әкімі аппаратының үлкен залында мынадай күн тәртібімен шақырылсын:
Аудандық мәслихатының төрағасы Д.Қойшыбаев
Ағымдағы жылдың 3 маусымында аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша – «Әулиекөл ауданының тұрақты әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалына тарифті келісу туралы» аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 27 маусымдағы №186 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және «Әулиекөл ауданының 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №391 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Аталған мәселелер бойынша Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Д. Асадовтың, сондай-ақ Әулиекөл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Т. Печникованың баяндамалары тыңдалды.
Мәселелерді қарау қорытындысы бойынша аудандық мәслихат депутаттары жоғарыда аталған мәслихат шешімдеріне өзгерістер енгізуді бірауыздан қолдады.
2026 жылғы 3 маусымда сағат 10.00-де Әулиекөл аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Отырысты Әулиекөл аудандық мәслихатының төрағасы Қойшыбаев Д.С. ашып, жүргізеді
Отырыстың күн тәртібі:
2.Мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №391 "Әулиекөл ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.