Әулиекөл ауданының Қоғамдық кеңесі ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысын өткізді.
Қоғамдық кеңес Жастар ресурстық орталығының басшысы
Ж.Е. Жаппасованың "Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жастар ресурстық орталығының атқарған жұмыстары туралы" ақпаратын тыңдады. Ақпаратты тыңдау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері талқылауға белсенді қатысты.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері Әулиекөл ауданы әкімінің "Әкімнің 2021 жылғы 13 мамырдағы №3 "Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" жобасының шешімін қарау туралы екінші мәселені қарады.