Әулиекөл ауданының Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 13 мамырда аудан әкімдігінде Әулиекөл ауданының әкімі Ерлан Олжабайұлы Теменовтың қатысуымен отырыс өтті.
Күн тәртібінде аудан әкімі аппаратының ішкі бақылау бөлімінің басшысы Дастан Сайранұлы Ибраевтың мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасы туралы мәселелері бойынша ақпараты тыңдалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Қазбек Тасболатұлы Бексұлтанов бейнеконференцбайланыс режимінде сөз сөйледі.
Әулиекөл ауданының "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Қалиев Ардақ Сайлаубайұлы Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша Әулиекөл ХҚКО жұмысы туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері Қостанай облысының қоғамдық кеңесі төрағасының мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты орындау бойынша қызметтер көрсетуге мониторинг жүргізу туралы хатына қатысты төртінші мәселені қарады. Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орындау бойынша Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Кожегалиева Гульмира Ошакбаевна сөз сөйледі. Мемлекеттік спорттық тапсырысты орындау бойынша Әулиекөл ауданы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы Жарас Бисембайұлы Хамитбеков сөз сөйледі.