Меню

Страницы

Статья

«Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ уйымдастырушылық-қуқықтық қамсыздандыру бөлімінің 2022 жылғы 1 -тоқсан бойынша ішкі жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл министрінің №12 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгі қағидаларына сәйкес жүргізілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың уәкілетті тұлғасы бөлімше өз жұмысында басшылыққа алатын кодекстерді, заңдарды, құқықтық актілерді зерделеді.

2022 жылдың 1 тоқсанында аудандық мәслихат 30 шешім қабылдады, оның ішінде 4 шешім ҚР Әділет министрлігінде тіркелді және жарияланды. Заңнамаға сәйкес 16 шешім ҚР эталондық бақылау банкінде жарияланды. Аудандық мәслихат шығарған нормативтік құқықтық актілердің ай сайынғы мониторингінің нәтижелері бойынша нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2022 жылдың 1 тоқсанына прокурорлық қадағалау актілері түскен жоқ.Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы:

кадрлардың ауысуы болмаған;

  1. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді;
  3. Рұқсат беру функциялары жоқ;
  4. Бақылау функциялары жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымсыз материалдар жарияланған жоқ.

Аудандық "Әулиекөл" газетінде 09.12.2021 жылы № 48 аудандық мәслихат хатшысының , мәслихат аппараты басшысының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кестесі және аудандық мәслихаттың сенім телефоны орналастырылған.

1 тоқсанда жеке тұлғалардан бір өтініш келіп түсті, жауап заңнамада белгіленген мерзімде берілді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған

 

Дата публикации
11 апреля 2022
Дата обновления
11 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

19 мая 2025
2025 жылға арналған Әулиекөл ауданы Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспары
19 мая 2025
Қоғамдық кеңес
19 мая 2025
Әкімнің есебі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы