Жұмыс отырысында Әулиекөл ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері ауданның мемлекеттік мекемелерінің бірқатар басшыларын тыңдалды.
2021 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Н.В.Яримова хабардар етті.
Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы А. Т. Бекмурзин мәлімдеді. Соның ішінде Әулиекөл ауданының аумағында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу туралы мәселелер қаралды.
Ауданның қоғамдық кеңесі мүшелерінің қарауына 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеу негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы мәселе ұсынылды.
Қоғамдық кеңес мүшелері қаралған актілер жобаларын талқылауға белсенді қатысты.Осы мәселелер бойынша ауданның қоғамдық кеңесінің ұсыныстары шығарылды.
Отырыста ауданның қоғамдық кеңесінің қызметіндегі ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелер қаралды.