Меню

Страницы

Статья

Жыл қорытындысы шығарылды

Әулиекөл ауданының Қоғамдық кеңесі ағымдағы жылы азаматтық қоғам және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту бойынша айтарлықтай жұмыс атқарды. Ағымдағы жылы Кеңес отырыстарында қылмыстық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл және мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілігін күшейту, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру өзекті мәселелері бойынша мемлекеттік мекемелердің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылары тыңдалды, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар-елдің өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына  Жолдауының  негізгі  бағыттарын талқылады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қоғамдық кеңестің қарауына нормативтік құқықтық актілердің жобалары ұсынылды, олардың бір бөлігі Кеңес отырыстарында қаралды, бір бөлігі жұмыс тәртібімен комиссия төрағаларымен қаралды.       

25 қарашада әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары А. Сүлекеев "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" мәслихат шешімінің жобасын жұмыс тәртібімен қарады. Бұл мәселе бойынша түсіндірмені   тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы  Ю. Итемгенов берді.  

8 желтоқсанда Қоғамдық кеңес отырысында Әулиекөл ауданының әкімі Е.Теменов "Ауданның 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттері туралы" баяндама жасады. Аудан әкімі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге тоқталып, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарға тоқталды. Қоғамдық кеңес мүшесі Ю. Ганич жергілікті  атқарушы  органдардың  жұмысына  оң  баға  берді.

Әулиекөл ауданының Қоғамдық кеңесінің 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы Қоғамдық кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, ауыл шаруашылығы колледжінің директоры А.Жансүгірова баяндады.

Қоғамдық кеңес мүшелері әрқайсысы өз бағытында үлкен жұмыс атқарады, ведомствоаралық комиссиялардың құрамына кіреді, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен сессияларына, жергілікті қоғамдастықтың жиындарына қатысады, сондай-ақ ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысады, игі істер мен бастамаларға үн қосады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2021 жылдың төртінші тоқсанында Қоғамдық кеңес қайырымдылық іс-шараларын, акциялар өткізуді, мұқтаж адамдарға, аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетуді көздейтін  "Игі істер марафоны"  акциясын   ұйымдастырды.

Тамыз айында Кеңес мүшелері "Мектепке жол" қайырымдылық акциясына белсенді қатысты. Әжесінің қамқорлығындағы бала үшін мектеп киімдері мен кеңсе тауарлары сатып алынды.

24 қарашада Кеңес  төрағасы А.Жансүгірова еңбек ардагерлері, ауданның еңбек сіңірген қызметкерлері, көп балалы ана Қостанай қаласына сапар ұйымдастырды. Олардың барлығы облыстық филармонияның "Достар" тобының қайырымдылық концертіне қатысты.

Желтоқсан айында Кеңес мүшелері қарт адамдардың үйлеріне барып, жаңа жылмен құттықтап, оларға ұзақ және бақытты өмір тіледі, тәтті сыйлықтар табыс етті.

Үлкен қоғамдық әлеуетті іске қосып және қандай да бір міндеттерді шешуге өз тәсілдерін ұсына отырып, әлі де көптеген жемісті жұмыс атқаруға тура келеді.  Жалпы, ауданның Қоғамдық кеңесі өзінің тиімділігін дәлелдейді және жергілікті атқарушы органдармен одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын.

 

 

 

                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

            

 

 

 

Дата публикации
05 января 2022
Дата обновления
05 января 2022
Тип

Сейчас читают

19 мая 2025
Қоғамдық кеңес
19 мая 2025
2025 жылға арналған Әулиекөл ауданы Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспары
19 мая 2025
Әкімнің есебі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы