Меню

Страницы

Статья

Қорытынды отырыс

8 желтоқсанда Әулиекөл ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Қоғамдық кеңестің алдында Әулиекөл ауданының әкімі Е.Теменов "Ауданның 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2022  жылға арналған міндеттері туралы"  баяндама жасады.

Аудан әкімі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге тоқталып, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарға тоқталды.  Қоғамдық кеңестің мүшесі, жеке кәсіпкер Ю. Ганич жергілікті атқарушы органдардың қызметіне оң баға берді.

Әулиекөл  ауданының  Қоғамдық кеңесінің 2021 жылы атқарған  

жұмыстары туралы Қоғамдық кеңес төрағасы А.Жансүгірова баяндады.          Әулиекөл ауданының Қоғамдық кеңесі ағымдағы жылы қоғам мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту бойынша айтарлықтай жұмыс атқарғанын атап өтілді. Кеңес отырыстарында нормативтік құқықтық актілердің жобалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері қаралып, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - елдің өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды.

Әулиекөл ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері бір жылғы жұмыс қорытындысын шығарып, болашаққа  жоспарларды  атап өтті .

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін марапаттау рәсімі өтті. Белсенді азаматтық ұстанымы, қоғамдық өмірге қатысуы және күнделікті мәселелерді шешуі үшін Әулиекөл ауданының Қоғамдық кеңес мүшелері К.Нұрмұхамедов, Ю. Ганич, А. Сүлекеев аудандық мәслихаттың алғыс  хаттарымен  марапатталды.

Дата публикации
09 декабря 2021
Дата обновления
09 декабря 2021
Тип

Сейчас читают

19 мая 2025
Қоғамдық кеңес
19 мая 2025
2025 жылға арналған Әулиекөл ауданы Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспары
19 мая 2025
Әкімнің есебі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы