Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
2021 жылдың 3 тоқсанында аудандық мәслихат 18 шешім қабылдады, оның ішінде әділет органдарында 4 шешім тіркелді.
Заңнама талаптарына сәйкес ай сайын аудандық мәслихат шығарған нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізілді. Нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2021 жылдың 3 тоқсанына прокурорлық қадағалау актілері түскен жоқ.Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:
кадрлардың ауысуы болмаған;
Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымсыз материалдар жарияланған жоқ.
Аудандық "Әулиекөл" газетінде аудандық мәслихат хатшысының , мәслихат аппараты басшысының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кестесі және аудандық мәслихаттың сенім телефоны орналастырылған.
3 тоқсанда жеке және заңды тұлғалардан 3 өтініш келіп түсті, жауаптар заңнамада белгіленген мерзімде берілді. Жоғарыда баяндалғанның негізінде "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.