Меню

Страницы

Статья

Әулиекөл ауданының Қоғамдық кеңесі туралы Ереже

    1. Жалпы ережелер

     

    1.Осы Әулиекөл ауданыныңҚоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8–бабына сәйкес Қазақстан Респуб-ликасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңестегі Үлгілік ереже (бұдан әрі-Үлгілік ереже) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1191 қаулысымен бекітілген қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптар негізінде әзірленді.

    1. Әулиекөл ауданыныңҚоғамдық кеңесі (бұдан әрі- Қоғамдық кеңес)- коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар.

    3.Қоғамдық кеңестер өз қызметінде Конституцияны, оған сәйкес келетін заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де  нормативтік құқықтық  актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.

     

     

    1. Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері

     

    1. Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады.
    2. Қоғамдық кеңестердің міндеттері:

               1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру жергілікті деңгейлер шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;

               2) орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;

               3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

     

    1. Қоғамдық кеңес қызметінің қағидаттары

     

    1. Қоғамдық кеңестер өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:

    1) қоғамдық негіздегі қызметі;

              2) автономдық;

             3) дербестік;

             4) жариялылық;

             5) олардың мүшелерін кезең-кезеңмен ротациялау.

     

    1. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының

    мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі

     

    1.  Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрамы мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан және коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінен, азаматтар қатарынан Заңда белгіленген тәртіппен конкурстық негізде құрылады.
    2.  Жұмыс тобының сандық құрамын жұмыс органының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсты өткізгенге дейін мемлекеттік органның басшысы республикалық және жергілікті деңгейде анықтайды.

             Мемлекеттік органнан жұмыс тобының құрамындағы өкілдік жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік орган басшысының өзі айқындайды.

          Азаматтық қоғамнан жұмыс тобының құрамындағы өкілдік жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдармен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

    1. Жұмыс тобының құрамы жергілікті деңгейде жергілікті өкілді орган басшысының шешімімен бекітіледі. Жұмыс тобының жетекшісі мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы – хатшыны тағайындайды,
    2.  Мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан жұмыс тобының сандық құрамын, құжаттарды тапсыру мерзімдері мен құжаттар жіберілетін пошта және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, мемлекеттік орган жергілікті деңгейде жұмыс тобының мүшелерін іріктеу туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
    3.  Конкурс өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күнін құрайды.
    4.  Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

              1) Үлгілік ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

    2) жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

    3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

    1.  Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жұмыс тобына кандидаттардың тізімі қалыптастырылады.
    2.  Кандидаттар тізімін құру аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіледі. Ашықтықты және объективтілікті қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушылар қатыса алады.

             Мемлекеттік органдар жергілікті деңгейлерде бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) өзінің интернет-ресурсында жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландырумен бір мезгілде құжаттарды ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ құжаттар жолданатын пошта және электрондық мекенжайын көрсете отырып, байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу туралы хабарландыруды жариялайды.

             Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтінішті мемлекеттік органға ұсынады немесе электрондық поштаға жолдайды.

    1.  Жергілікті өкілді орган отырысты өткізуге дейін үш жұмыс күні қалғанда жұмыс тобы отырысын өткізу уақыты мен орны туралы жұмыс тобының мүшесіне кандидаттарды, байқаушыларды хабардар етеді.

        Жергілікті өкілді орган жұмыс тобының отырысын дайындауды және өткізуді ұйымдастыру мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етеді.

    1.  Жұмыс тобының отырысын жергілікті деңгейде жергілікті өкілді органның басшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) жүргізеді.
    2.  Жұмыс тобының бірінші отырысында дауыс беруде жұмыс тобының басшысы Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес анықталған мемлекеттік органның өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан жұмыс тобы мүшесіне кандидаттар қатысуға құқылы. Коммерциялық емес ұйымдардан кандидат өз кандидатурасына дауыс беруге қатыспайды. Кандидаттар отырысқа қатысуға міндетті.
    3.  Отырысқа келмеген кандидаттар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жұмыс тобының құрамына сайланған болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобы басшысының дауысы шешуші болып есептеледі.
    4. Жұмыс тобының шешімі орталық жергілікті өкілді органның ресми интернет-ресурсында отырыс аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жарияланады. Жұмыс тобының отырысында хаттама жүргізіледі, оған жұмыс тобының басшысы және хатшы қол қояды.

     

     

     

    1. Жұмыс тобының қызмет тәртібі

     

    1. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

    1) халықты Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;

    2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;

    3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;

             4) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын дайындайды.

    1.  Жұмыс тобының отырысы жұмыс тобының басшысын қоса алғанда, жұмыс тобы мүшелерінің жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып есептеледі.
    2. Жұмыс тобы кезекті құрамдағы Қоғамдық кеңес өкілеттілігінің толық мерзіміне құрылады.

     

    1. Қоғамдық кеңесті құру тәртібі

     

    1. Қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдерінен және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобы қалыптастырады.

    Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

             Қоғамдық кеңес өкілеттілігінің мерзімі үш жылды құрайды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын жұмыс тобы анықтайды.

    1.  Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) жергілікті деңгейлерде мемлекеттік органның интернет-ресурсына орналастырады. Хабарландыруда мемлекеттік органның атауы, құжаттар жолданатын пошталық және электрондық мекенжайлар, құжаттарды ұсыну мерзімдері және Заңның 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі мен кандидаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы көрсетіледі.
    2.   Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін жұмыс тобына қажетті құжаттарды қоса бере отырып, қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар бойынша ұсыныс-тарын жазбаша нысанда (пошталық немесе электрондық мекенжайға) жолдайды.
    3.  Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылады.
    4. Жұмыс тобы құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар бойынша келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңес құрамына сайланған болып есептеледі. Тең дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобы басшысының дауысы шешуші болып есептеледі.
    5. Қоғамдық кеңеске мемлекеттік органның атынан өкілдікті мемлекеттік органның басшысы конкурс өткізбей бекітеді.
    6. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органның шешімімен бекітіледі және Қоғамдық кеңес құрамы бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс.

     

    1. Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестің өкілеттіктері

     

    1. Мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестің өкілеттіктеріне мыналар:

             1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын;

             2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын талқылау;

             3) атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;

             4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;

             5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;

             6) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

             7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;

             8) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;

             9) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқылау және бекіту үшін мемлекеттік органға енгізу;

             10) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру;

             11) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі жұмысына қатысу жатады.     

    1. Осы Ееженің 48-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді, ол тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде береді.

     

    8.Қоғамдық кеңестің және олардың мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

     

    1. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:

               1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына кіруге;

               2) тиісті мемлекеттік органмен келісу бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуға;

               3) осы Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқығы бар.

    1. Өз қызметінде Қоғамдық кеңес және оның мүшелері:

               1) Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;

               2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;

               3) жылына екі реттен сиретпей бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы халыққа Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат беруге;

               4) өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

     

    1. Қоғамдық кеңестің қызметін жүзеге асыру тәртібі

     

    1. Қоғамдық кеңес комиссияны Қоғамдық кеңес қызметінің басымдықтарына байланысты Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатарынан құрады.
    2. Қоғамдық кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Қажет болған жағдайда Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары әзірленеді және Қоғамдық кеңес отырысында бекітіледі.
    3. Қоғамдық кеңес отырысы Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы санының 0кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп саналады. Қоғамдық кеңес мүшелерінің бейне конференцбайланыс арқылы қатысуына рұқсат етіледі.
    4. Қоғамдық кеңес төрағасы өз құзыреті шеңберінде:

    1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;

    2) осы Ережеге және отырыстың бекітілген күн тәртібіне сәйкес отырыста төрағалық етеді;

    3) Қоғамдық кеңес мүшелерінен ұсыныстар келіп түсуіне қарай Қоғамдық кеңес шешімімен белгіленген тәртіппен кезектілік бойынша оларға сөз береді;

    4) келіп түсуіне қарай Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысын дауыс беруге қояды;

    5) дауыс беруді жүргізеді және оның нәтижелерін жариялайды;

    6) Қоғамдық кеңес отырыстары хаттамаларының жүргізілуін бақылайды;

             7) Қоғамдық кеңес атынан құжаттарға қол қояды;

             8) Қоғамдық кеңес шешімдерін іске асыру бойынша қызметті үйлестіреді;

    9) кеңесші дауыс құқығымен жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органның отырыстарына қатысады;

          10) өзі болмаған уақытта Қоғамдық кеңес төралқасының бір мүшесіне төрағаның міндетін атқару құқығын береді;

          11) қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардан Қоғамдық кеңестің отырыстарында қаралатын мәселелерге қатысты қосымша материалдарды сұратады.

    1. Ұйымдастырушылық мәселелерді шешу, Қоғамдық кеңес отырыстарын дайындау және өткізу, Қоғамдық кеңестегі іс қағаздарды жүргізу, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің іске асырылу мерзімдерін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қоғамдық кеңес хатшысы өз құзыреті шегінде:

    1) Қоғамдық кеңес отырысын өткізу күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық пошта арқылы оның мүшелеріне отырысты өткізу уақыты мен орны, қарауға енгізілетін мәселелер тізбесі туралы хабардар етеді;

    2)  Қоғамдық кеңес мүшелерін шешім қабылдау үшін қажетті материалдармен, құжаттармен және ақпаратпен қамтамасыз етеді;

    3)  Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастырады;

             4) Қоғамдық кеңес шешімдерінің жобаларын әзірлейді және Қоғамдық кеңестің барлық мүшелеріне үш жұмыс күні ішінде интернет-ресурс немесе электрондық пошта арқылы не қолма-қол жеткізеді;

    5) Қоғамдық кеңестің қызметін қамтамасыз ету бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.

    Хатшы болмаған кезде оның функциялары Қоғамдық кеңес отырысының хаттамалық шешімімен Қоғамдық кеңес мүшелерінің біреуіне жүктеледі.              39. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша нысанда өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.

    1. Қоғамдық кеңес мүшесінің денсаулық жағдайына байланысты не өзге де негіздер бойынша оның жұмысына қатысуы мүмкін болмаған жағдайда Заңда айқындалған тәртіпте Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша мүшеліктен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.
    2. Қоғамдық кеңес Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері немесе мемлекеттік органның шешімі бойынша Қоғамдық кеңестің құрамына шыққан адамның қалған мерзіміне жаңа мүшені қосу туралы шешім қабылдайды.
    3. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру

     

    1. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады.

          Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқасының бүкіл құрамы сайланады.

          Қоғамдық кеңестің мүшелері – мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан оның төрағасы сайланады.

    1. Қоғамдық кеңестер жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.

          Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.

    1. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.

    Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ шешімдер қабылдау тәртібі Қоғамдық кеңес туралы ережеде айқындалады.

    Отырыстар өткізудің өзге де мәселелері Қоғамдық кеңестің шешімімен айқындалады.

     

    1. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

     

     

    1. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және оның төралқасының өкілеттіктері

     

    1. Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.
    2. Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы, қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның басшысы, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.
    3. Қоғамдық кеңестің төралқасы:

          1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;

          2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;

          3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.

     

    1. Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының өкілеттіктері

     

    1. Қоғамдық кеңестің төрағасы:

    Қоғамдық кеңес төрағасы өз құзыреті шеңберінде:

    1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;

    2) осы Ережеге және отырыстың бекітілген күн тәртібіне сәйкес отырыста төрағалық етеді;

    3) Қоғамдық кеңес мүшелерінен ұсыныстар келіп түсуіне қарай Қоғамдық кеңес шешімімен белгіленген тәртіппен кезектілік бойынша оларға сөз береді;

    4) келіп түсуіне қарай Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысын дауыс беруге қояды;

    5) дауыс беруді жүргізеді және оның нәтижелерін жариялайды;

    6) Қоғамдық кеңес отырыстары хаттамаларының жүргізілуін бақылайды;

    7) Қоғамдық кеңес атынан құжаттарға қол қояды;

    8) Қоғамдық кеңес шешімдерін іске асыру бойынша қызметті үйлестіреді;

    9) кеңесші дауыс құқығымен жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органның отырыстарына қатысады;

          10) өзі болмаған уақытта Қоғамдық кеңес төралқасының бір мүшесіне төрағаның міндетін атқару құқығын береді;

          11) қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардан Қоғамдық кеңестің отырыстарында қаралатын мәселелерге қатысты қосымша материалдарды сұратады.

    1. Қоғамдық кеңестің хатшысы:

    1) Қоғамдық кеңес отырысын өткізу күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық пошта арқылы оның мүшелеріне отырысты өткізу уақыты мен орны, қарауға енгізілетін мәселелер тізбесі туралы хабардар етеді;

    2) Қоғамдық кеңес мүшелерін шешім қабылдау үшін қажетті материалдармен, құжаттармен және ақпаратпен қамтамасыз етеді;

    3) Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастырады;

    4) Қоғамдық кеңес шешімдерінің жобаларын әзірлейді және Қоғамдық кеңестің барлық мүшелеріне үш жұмыс күні ішінде интернет-ресурс немесе электрондық пошта арқылы не қолма-қол жеткізеді;

    5) Қоғамдық кеңестің қызметін қамтамасыз ету бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.

    Хатшы болмаған кезде оның функциялары Қоғамдық кеңес отырысының хаттамалық шешімімен Қоғамдық кеңес мүшелерінің біреуіне жүктеледі.

            

    13.Отырыстарды өткізу және шешім қабылдау тәртібі

     

    1. 5 Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады, олар мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады.
    2. Қоғамдық кеңестің отырыстары Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша өткізіледі.
    3. Қажет болған жағдайда Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша Қоғамдық кеңестің отырысына қатысу үшін мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіподақтар мен басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен мамандар шақыруы мүмкін.
    4. Қоғамдық кеңестің отырысында хаттама жүргізіледі, онда:

    1) отырыстың өтетін орны мен уақыты;

    2) қатысушылар саны;

             3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

    4) күн тәртібі, есеп пен баяндаманың мазмұны белгіленеді.

    1. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.
    2. Мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдардың қарауы міндетті болып табылатын ұсынымдарды қабылдайды.
    3. Қоғамдық кеңестің шешімдері Қоғамдық кеңес отырысына қатысушылардың жалпы санының басым дауысымен қабылданады. Шешімдер хаттамамен ресімделеді, оған Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
    4. Қоғамдық кеңестің отырысында қаралатын мәселелер бойынша шешім қабылданған кезде Қоғамдық кеңестің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Тең дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобы басшысының дауысы шешуші болып есептеледі.
    5. Қоғамдық кеңестің қызметімен байланысты құжаттар Қоғамдық кеңесті құруға қатысқан мемлекеттік органда, оның өкілеттік ету мерзімінде электрондық және/немесе қағаз түрінде сақталады.

    60.Сонымен бірге Қоғамдық кеңестің өкілеттілік мерзімі аяқталғаннан кейін Қоғамдық кеңестің қызметіне қатысты құжаттар мемлекеттік органның архивіне сақтауға беріледі.

     

    1. Қоғамдық кеңес жұмысының жариялылығы

     

    1. Қоғамдық кеңес халықты:

             1) азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен өзінің іс-қимыл жасау нәтижелері;

             2) Қоғамдық кеңестің құрамы, оның мүшелерін ротациялау;

             3) отырыстардың күн тәртібі;

             4) қабылданған шешімдер;

             5) қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы хабардар етеді.

    1. Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және (немесе) тиісті интернет-ресурстарда орналастырылады.

     

    1. Қоғамдық кеңестің қоғамдық бақылау саласындағы мақсаттары мен міндеттері

     

    1. Қоғамдық кеңес қоғамдық бақылауды мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында жүзеге асырады.
    2. Қоғамдық бақылаудың міндеттері:

    1) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің тиімділігін, ашықтығын және айқындығын арттыру;

    2) қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды іске асыру;

    3) азаматтардың мемлекет пен оның органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне сенім деңгейін арттыру, қоғам мен мемлекет арасында қайтымды байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және оларды шешу;

    4) халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне тарту.

     

    1. Қоғамдық бақылау ұғымы, оның объектісі мен субъектісі

     

    1. Қоғамдық бақылау субъектілерінің қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама және мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау нысандарында жүзеге асырылатын, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған қызметі қоғамдық бақылау деп түсініледі.

             66.Жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметі қоғамдық бақылау объектісі болып табылады.

    1. Қоғамдық кеңестер, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар қоғамдық бақылау субъектісі болып табылады.
    2. Қоғамдық бақылау нысандары

     

    1. Қоғамдық бақылау субъектілері тарапынан мемлекеттік органдардың қызметін байқауды білдіретін қоғамдық бақылау рәсімі қоғамдық мониторинг болып табылады.
    2. Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 5) және 6) тармақшаларында көзделген мәселелерді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғамдық маңызы бар шешім-дерін олардың қоғамдық мүдделерге сәйкестігі мәселесі бойынша жария талқылау үшін жиналыс өткізу арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау рәсімі қоғамдық тыңдау деп түсініледі.          
    3. Қоғамдық сараптама азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағымсыз факторларды болғызбау жөніндегі қоғамдық мүдделерді сақтау тұрғысынан зерттеу, талдау және бағалау үшін арнайы білімді және (немесе) тәжірибені қоғамдық бақылау субъектілерінің пайдалануына негізделген қоғамдық бақылау рәсімі.
    4. Мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау қоғамдық бақылау рәсімі болып табылады және Қоғамдық кеңестің отырысында Заңның 5-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және олардың лауазымды адамдары қызметінің нәтижелерін жария талқылауды білдіреді.
    5. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тетіктері

     

    1. Қоғамдық бақылау:

            1) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңна-масының талаптарына сәйкес қоғамдық бақылау объектісінің қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу;

            2)Қоғамдық кеңес мүшелерінің және қоғамдық бақылау субъектілерінің мемлекеттік органның алқалы органдарының отырыстарына қатысуы;

            3) мемлекеттік комиссиялардың құрамына қоғамдық кеңестердің мүшелерін қосу;

            4) азаматтардың жеке немесе ұжымдық өтініштерін беру;

            5) сұрау салулар беру;

            6) Қоғамдық кеңес айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

     

    1. Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
    2. 73. Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.
    3. Қоғамдық мониторинг мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетуі, мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды және бюджеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану нәтижесінде азаматтар үшін жағымсыз салдарларды және қоғамдық мүдделерге қысым жасалуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
    4. Қоғамдық мониторингті Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар жүзеге асырады.
    5. Қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде Қоғамдық кеңестің мүшелері мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша мониторингтің нысанасына жататын қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
    6. Қоғамдық мониторингті жүзеге асырған адамдар оның нәтижелері бойынша қорытынды жасайды. Қоғамдық мониторинг қорытындысында:

          1) мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесінде азаматтар үшін анықталған жағымсыз салдарлар туралы және қоғамдық мүдделерге қысым жасалғаны туралы ақпарат;

          2) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарына қоғамдық мониторинг барысында анықталған себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар;

          3) бақыланатын объектілердің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар;

          4) нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.

    1. Қоғамдық мониторинг қорытындысының негізінде Қоғамдық кеңес ұсынымдар қабылдайды және оларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды.

     

    1. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

     

    1. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.

             Қоғамдық кеңес қоғамдық тыңдауды Заңның 1-бабының 5 және 6-тармақтарында айқындалған республикалық немесе жергілікті мемлекеттік басқару органымен келісілген мерзімдерде өткізеді.

    1. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібінде:

    1) қоғамдық тыңдауға қатысушыларды оның өткізілетін уақыты мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) жазбаша шақырулар арқылы, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын құлақтандыру;

    2) қоғамдық тыңдауға шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларымен, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын таныстыру;

    3) қоғамдық тыңдауға қатысуды қамтамасыз ететін басқа да шаралар;

    4) қабылданған шешімдерді уәждеп негіздеуді қоса алғанда, қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасын жариялау көзделуге тиіс.

    1. Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды «Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1191 қаулысымен белгілейді.
    2. Қоғамдық тыңдау Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі.
    3. Қоғамдық тыңдауды өткізу барысында хаттама жүргізіледі, онда:

          1) қоғамдық тыңдау өткізілетін күні мен орны;

          2) қатысушылардың саны;

          3) қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

          4) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны тіркеледі.

    1. Қоғамдық тыңдау нәтижелері бойынша қорытынды хаттама қабылданады, оған қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысы қол қояды.
    2. Қорытынды хаттама, егер оған Қоғамдық кеңестің қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
    3. Қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасында:

          1) бақыланатын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы ақпарат;

          2) қоғамдық тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;

          3) нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.

    1. Қоғамдық кеңестің төрағасы қорытынды хаттама негізінде қабылданған ұсынымдарды:

          1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық бақылау субъектілеріне;

          2) зерделеу және шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға;

          3) бұқаралық ақпарат құралдарына жібереді.

     

     

     

     

    1. Қоғамдық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
    2. Қоғамдық сараптаманы Қоғамдық кеңес өз отырысында қабылдаған тапсырмасы бойынша қоғамдық бірлестіктер құратын сараптама комиссиялары жүзеге асырады.

    Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақ-тау, сондайақ жеке тұлғалардың, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағымсыз факторларды болғызбау тұрғысынан мемлекеттік органдардың қабылданатын шешімдерінің жобалары қоғамдық сараптама объектілері болып табылады.

    1. Қоғамдық кеңеске тиісті өтінішхат жіберетін жеке тұлғалар және (неме-се) қоғамдық бірлестіктер қоғамдық сараптаманың бастамашылары бола алады.
    2. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу ерекшеліктері, оны тіркеу тәртібі, қорытындының мазмұны Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленеді.
    3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қоғамдық сараптаманың өзге де субъектілері, оны ұйымдастыру мен жүргізудің негіздері және тәртібі айқындалуы мүмкін.

     

    1. Жұмыс нәтижелері туралы есептерді тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

     

    1. Заңның 18-бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау аудан әкімінің баяндамасын және мәслихат хатшысының, Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамаларын қамтиды.
    2. Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау барысында хаттама жүргізіледі, онда:

    1) есепті тыңдау күні мен орны;

    2) қатысушылардың саны;

    3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

    4) күн тәртібі, есептің және сөйлеген сөздердің мазмұны қамтылады.

    1. Есепті тыңдау нәтижелері бойынша қарар қабылданады, онда:

    1) бақыланатын органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметін олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағалау;

    2) есепті тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;

    3) мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылуға тиіс.

    1. Егер отырысқа қатысып отырған қатысушылардың жартысынан астамы есеп үшін дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі

    _________________________________

     

Дата публикации
11 января 2021
Дата обновления
11 января 2021
Тип

Сейчас читают

19 мая 2025
2025 жылға арналған Әулиекөл ауданы Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспары
19 мая 2025
Қоғамдық кеңес
19 мая 2025
Әкімнің есебі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы