Меню

Страницы

Статья

Жолдауды талқылау

 Әулиекөл ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері Мемлекет басшысының жаңа Жолдауының идеяларын ілгерілету бойынша жұмысқа тартылды. 16 қыркүйекте  кеңес отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі" Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды. Кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты А. Жансүгірова Президенттің биылғы Жолдауы – еліміздің тұрақты және орнықты дамуы бойынша  нақты іс-қимыл бағдарламасы екенін атап өтті. Мемлекет басшысының барлық бастамалары пандемиядан кейінгі кезеңде елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйені қалыптастыруға, саяси жаңғыртуға, адам құқықтарын қорғауға және қоғамды топтастыруға бағытталған.

Жолдауда сапалы, заманауи білім беру, атап айтқанда, жаңа мектептер салу, педагогтарды материалдық көтермелеу, олардың біліктілігін арттыру, оқу бағдарламаларын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылған.

"Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Өз болашағын елімізбен байланыстыратын әрбір азамат мемлекеттік тілді үйренуге бар күш-жігерін салуы тиіс. Бұл нағыз патриотизмнің бір көрінісі", - деп Мемлекет басшысының сөзін Қоғамдық кеңестің мүшесі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Нұрмұхамедов келтірді. Ол қазақ тілін үйрену мен дамытуды жалғастыруға, оған құрметпен қарауға тілек білдірді. Тілдерді дамыту орталығы мемлекеттік қызметшілер, ұйымдар мен кәсіпорындар арасында мемлекеттік тілді оқытумен және ілгерілетумен айналысуы тиіс .

Жолдауды талқылауды қорытындылай келе, А.Жансүгірова Жолдау тек жергілікті атқарушы органдар үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін бағдар болуы тиіс екенін атап өтті.

Кеңес мүшелері Мемлекет басшысының барлық бастамаларын бірауыздан қолдап, олардың оң нәтиже беретініне және еліміздің әрбір тұрғыны оң  өзгерістерді сезінетініне сенім білдірді.

Қоғамдық кеңес отырысында "Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі жастар ресурстық орталығының қызметі туралы" мәселе қаралды.

 

 

 

Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты жастардың толыққанды рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби және дене бітімінің дамуы үшін жағдай жасау болып табылады. Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Д.Ибраева ауданда 14-29 жас аралығындағы 7 860 адам бар екенін атап өтті. Ауданда 9 волонтерлік ұйым жұмыс істейді, онда 127 волонтер бар.

Жалпы, жастар ресурстық орталығы ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырып, өткізді, қайырымдылық іс-шаралары мен акцияларына қатысты.

Жастар ресурстық орталығына мемлекеттік органдармен, атап айтқанда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жандандыру ұсынылды.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 сентября 2021
Дата обновления
17 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

19 мая 2025
2025 жылға арналған Әулиекөл ауданы Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспары
19 мая 2025
Қоғамдық кеңес
19 мая 2025
Әкімнің есебі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы