«БЕКІТЕМІН»
Әулиекөл аудандық
мәслихатының төрағасы
______________Д.Қойшыбаев
2025 жылғы «20» қаңтар
2025 жылға арналған
«Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі
ЖОСПАР
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Өткізу мерзімі |
Жауаптылар |
|
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы бағдарламаларды, заңнамалық актілерді, өзге де құжаттарды іске асыру |
|||
|
1 |
Қазақстан Республикасының Конституциясын, конституциялық заңдарын, кодекстерін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын зерделеу. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын сақтау |
тұрақты |
Мәслихат аппараты |
|
2 |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу |
қолданыстағы заңнамаға сәйкес |
Омарова Ж.Б. |
|
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кадр жұмысын жетілдіру жөніндегі шаралар |
|||
|
3 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнамадағы өзгерістердің мониторингі |
тұрақты |
Жылқыбаева Б.Е. аппарат басшысы |
|
4 |
Мемлекеттік қызметші лауазымына үміткер кандидатқа жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтердің болуына сұрату жіберу |
мемлекеттік қызметке кіру кезінде |
Нұржанов А.А. кадр қызметі |
|
5 |
Кадр мәселелері бойынша қабылданған шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Е-қызмет» жүйесінде жұмысты жүзеге асыру |
тұрақты |
Нұржанов А.А. кадр қызметі |
|
6 |
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру |
тұрақты |
Омарова Ж.Б. ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы |
|
3. Ақпараттық-насихаттау жұмысы |
|||
|
7 |
Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» айдарын жүргізу |
тұрақты |
Омарова Ж.Б. ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы |
|
8 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы жаңалықтар ақпаратын сайтта орналастыру |
өткізу бойынша |
Омарова Ж.Б. ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы |
|
4. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік органның жұмыс істеуін жетілдіру жөніндегі шаралар |
|||
|
9 |
Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне бағалау жүргізу |
қолданыстағы заңнамаға сәйкес |
Мәслихат төрағасы, аппарат басшысы |
|
10 |
Пайдалану тиімділігін талдау бойынша мүлікті түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу |
қолданыстағы заңнамаға сәйкес |
түгендеу жөніндегі комиссия |
|
11 |
Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, веб-порталда орналастыру, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы |
қолданыстағы заңнамаға сәйкес |
Омарова Ж.Б. Чернова О.И. бухгалтер |
|
12 |
Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сенім телефоны, «Электрондық үкімет» порталынан ЭҚАБЖ «Е-Өтініш» жалпы пайдалану жүйелері арқылы түсетін азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің мониторингін жүзеге асыру |
түсуіне қарай |
Омарова Ж.Б. ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы |
|
5. Қызметкерлерді құқықтық ағарту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құзыретін арттыру жөніндегі шаралар |
|||
|
13 |
Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің біліктілігін арттыру |
кем дегенде үш жылда бір рет |
Жылқыбаева Б.Е. аппарат басшысы |
|
14 |
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін зерделеу бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізу |
жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспарына сәйкес |
Омарова Ж.Б. ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы |