Меню

Страницы

Статья

Әулиекөл аудандық учаскелік сайлау комиссияларының бос орындарға үміткерлер үшін ұсыныстар жинау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10 – бабына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты Әулиекөл ауданының келесі сайлау комиссияларында бос орындарға ұсыныстар қабылдау туралы хабарлайды:

 

№ п/п

Сайлау учаскенің

нөмері

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы

1

2

3

4

1.

№249

 Қ. Тұрғымбаев ауылы, Абай көшесі 22/1, тұрғын үй

1

2.

№250

Диев ауылы, Абай көшесі 11, "Диев Агрофирмасы" ЖШС-інің  ғимараты

3

3

№260

Жосалы  (бұрынғы Лаврентьев) ауылы, №1 көше, 31 үй, негізгі мектептің ғимараты

1

4.

№261

Первомай ауылы, Совет көшесі 28, жалпы білім беру мектебінің ғимараты

1

5.

№267

Қосағал ауылы, Қазақ көшесі 18, тұрғын үй

1

 

6.

№277

Әулиекөл ауылы, Тұрғымбаев көшесі 21, Әулиекөл аудандық ауруханасының ғимараты

2

 

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлау комиссиясын сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2024 жылғы  5 тамыздан 19 тамызды  (қоса алғанда) мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы кандидатуралар туралы мәліметтер;

2) саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) жоғарғы турған сайлау комиссияларының тиісті  сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді;

 

3)саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы нысан бойынша жіберілген өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері Әулиекөл ауданы мәслихатының ресми интернет-ресурсында (сілтеме - https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-auliekol ) орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық құжаттар қағаз форматта болуы тиіс, қол қойылуы, мөрмен расталуы және орындалу күні, орындаушы туралы белгі қойылуы тиіс, аты-жөні мен оның телефонының нөмірі.

Ұсыныстарды қабылдау жұмыс күндері 2024 жылғы 5 тамыздан  2024 жылдын 19 тамызына дейін (қоса алғанда), сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Аудандық мәслихаттың орналасқан жері: Әулиекөл ауылы, 1 Май көшесі, 44 үй.

Қойшыбаев Дәулет Сәрсембайұлы - Әулиекөл аудандық мәслихатының төрағасы.               

Жауапты тұлға -  Жылқыбаева Балжан Есеновна- аудандық мәслихат аппарат басшысы, каб. № 13, қалааралық телефон коды (8714-53), 21-0-31 телефон номері, электрондық адресі: aul__maslihat@mail.kz

 

 

 

 

Әулиекөл аудандық мәслихаты  

Дата публикации
05 августа 2024
Дата обновления
05 августа 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 мая 2025
Қоғамдық кеңес
19 мая 2025
2025 жылға арналған Әулиекөл ауданы Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспары
19 мая 2025
Әкімнің есебі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы