Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" ММ ұйымдастырушылық-құқықтық қамсыздандыру бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың уәкілетті тұлғасы мекеме өз жұмысында басшылыққа алатын кодекстерді, заңдарды, құқықтық актілерді зерделеді.
2024 жылдың 2 тоқсанында аудандық мәслихат 16 шешім қабылдады,
оның ішінде 3 шешім Әділет Департаментінде тіркелді және жарияланды.
Аудандық мәслихат шығарған нормативтік құқықтық актілердің ай
сайынғы мониторингінің нәтижелері бойынша нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2024 жылдың 2 тоқсанында прокурорлық қадағалау актілері түскен жоқ. Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:
Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымсыз материалдар жарияланған жоқ.
Аудандық "Әулиекөл" газетінде тоқсан сайын аудандық мәслихат төрағасының, мәслихат аппаратының басшысының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кестесі және аудандық мәслихаттың сенім телефоны орналастырылады.
Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында жеке тұлғалардан 2 өтініш келіп түсті, оларға уақтылы жауаптар берілді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құқықтық қамсыздандыру бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.