Меню

Страницы

Статья

«Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастырушылық-құқықтық қамсыздандыру бөлімінің 2024 жылғы 1 -тоқсан бойынша ішкі жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" ММ ұйымдастырушылық-құқықтық қамсыздандыру бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың уәкілетті тұлғасы мекеме өз жұмысында басшылыққа алатын кодекстерді, заңдарды, құқықтық актілерді зерделеді.

2024 жылдың 1 тоқсанында аудандық мәслихат 30 шешім қабылдады,

оның ішінде 1 шешім   Әділет Департаментінде  тіркелді және жарияланды.      

Аудандық мәслихат шығарған нормативтік құқықтық актілердің ай

сайынғы мониторингінің нәтижелері бойынша нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2024 жылдың 1 тоқсанына прокурорлық қадағалау актілері түскен жоқ. Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы: Зейнеткерлікке

шығуға байланысты ұйымдастырушылық-құқықтық қамсыздандыру  бөлімі  басшысының ауысуы болды.

  1. Мүдделер қақтығысы фактілері - анықталған жоқ;
  2. Мемлекеттік қызметтер - көрсетілмейді;
  3. Рұқсат беру функциялары - жоқ;
  4. Бақылау функциялары - жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымсыз материалдар жарияланған жоқ.

Аудандық "Әулиекөл" газетінде тоқсан сайын аудандық мәслихат хатшысының, мәслихат аппаратының басшысының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кестесі және аудандық мәслихаттың сенім телефоны орналастырылады.

1 тоқсанда жеке тұлғалардан   өтініштер  келіп түстікен жоқ.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құқықтық қамсыздандыру бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Дата публикации
08 апреля 2024
Дата обновления
08 апреля 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

19 мая 2025
Қоғамдық кеңес
19 мая 2025
2025 жылға арналған Әулиекөл ауданы Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспары
19 мая 2025
Әкімнің есебі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы