Ауданның округтік сайлау комиссиясында бар бос орын туралы Әулиекөл аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына, Әулиекөл аудандық сайлау комиссиясының "№11 сайлау округі бойынша аудандық сайлау комиссиясының мүшесі М.Е. Брахметовты міндеттерінен босату туралы" 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №24 қаулысына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты қолда бар бос орын туралы хабарлайды.
Бос орын бар сайлау комиссиясының тізімі төменде жарияланған.
Округтік сайлау комиссиясының құрамындағы бос орын саны 1 (бір).
Құрылған сайлау комиссияларына қатысты Қазақстан Республикасының саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің және одан жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары 2026 жылғы 12 қантардан 2026 жылғы 30 қаңтар (қоса алғанда) аралығында қабылданады.
Көрсетілген кезеңде саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихат аппаратына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) электрондық және қағаз жеткізгіштерде белгіленген нысандағы сайлау комиссияларына кандидаттар туралы мәліметтер (1 қосымша).
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бiрлестiктi немесе олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi;
4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші (2 қосымша).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидатура туралы ақпарат нысандары, өтініш мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстар аудандық мәслихаттың аппаратында 2026 жылғы 30 қаңтарына дейін (қоса алғанда) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін қабылданады.
Әулиекөл аудандық мәслихаты
Қойшыбаев Дәулет Сәрсембайұлы – Әулиекөл аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Әулиекөл ауданы, Әулиекөл а., 1 Май көшесі, 44 үй.
Құжаттарды қабылдау бойынша жауапты тұлға – Нұрманов А.А. 8 (71453) 22-1-41, электрондық пошта мекенжайы: aul _maslihat@mail.kz.