Ауданның аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларында бар бос орындар туралы Әулиекөл аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Ауданның аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларында

бар бос орындар туралы Әулиекөл аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

         "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына, Қостанай облысы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 9 қантардағы №1 "Әулиекөл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мүшесін міндеттерінен босату туралы"; Әулиекөл ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 22 мамырдағы №5  "Ж.З. Мырзалинді учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерінен босату туралы";  2025 жылғы 27 тамыздағы №13 "№274 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін босату туралы"; 2025 жылғы 3 қазандағы №19 «Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесін комиссия мүшесінің міндеттерін атқарудан босату туралы "; 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №23 «Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін комиссия мүшесінің міндеттерін атқарудан босату туралы"; 2026 жылғы 9 қантардағы №1 "Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің міндеттерінен босату туралы" қаулыларына сәйкес,  Әулиекөл аудандық мәслихаты қолда бар бос орындар туралы хабарлайды.


Бос орын бар сайлау комиссиясының тізімі төменде жарияланған.

Сайлау комиссиясының құрамындағы бос орын саны 20 (жиырма).

Құрылған сайлау комиссияларына қатысты Қазақстан Республикасының саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің және одан жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары 2026 жылғы 12 қантардан 2026 жылғы 30 қаңтар (қоса алғанда) аралығында қабылданады.

Көрсетілген кезеңде саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихат аппаратына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) электрондық және қағаз жеткізгіштерде белгіленген нысандағы сайлау комиссияларына кандидаттар туралы мәліметтер (1 қосымша).

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бiрлестiктi немесе олардың филиалдарын (өкiлдiктерiн) тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші (2 қосымша).

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидатура туралы ақпарат нысандары, өтініш мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстар аудандық мәслихаттың аппаратында 2026 жылғы 30 қаңтарына дейін (қоса алғанда) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін қабылданады.

Әулиекөл аудандық мәслихаты

Қойшыбаев Дәулет Сәрсембайұлы – Әулиекөл аудандық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Әулиекөл ауданы, Әулиекөл а., 1 Май көшесі, 44 үй.

Құжаттарды қабылдау бойынша жауапты тұлға – Нұрманов А.А. 8 (71453) 22-1-41, электрондық пошта мекенжайы: aul _maslihat@mail.kz.

 

№

п/п

Сайлау учаскенің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Бос орындар саны

1

2

3

 

4

 

1

 

Әулиекөл ауылы, Шақшақ Жәнібек батыр көшесі 29 Г

1

2

№263

Федосеевкаауылы, Баймагамбетов көшесі,111-ғимарат Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Федосеев негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1

3 

 №265

Тимофеев ауылы,Школьный тұйық көшесі,1-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Тимофеев жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

2

4

№266

Қарақалпақ ауылы, Центральный көшесі, 12-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Қарақалпақ бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1

5

№268

Чернигов ауылы, Ленин көшесі, 33-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Чернигов жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

2

6

№269

Харьков ауылы, №1көше, 1-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Харьков бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

2

7

№273

Әулиекөл ауылы, Қостанай көшесі, 2-үй, Қостанай облысы  әкімдігі  білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің И.Я. Сьянов атындағы Әулиекөл жалпы  білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1

 

8

№274

Әулиекөл ауылы, Байтұрсынов көшесі, 1 Б үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты".

3

9

№275

Әулиекөл ауылы, 1 Май көшесі, 43-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1

10

№276

Әулиекөлауылы, Баймағамбетов көшесі,27-үй," Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

1

 

11

№277

Әулиекөл ауылы, Тұрғымбаев көшесі, 21-үй, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Әулиекөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты.

1

 

12

№285

Құсмұрын кенті, Ленин көшесі, 55-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің №2 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

1

 

13

№288

Октябрь ауылы, Ленин көшесі, 14-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің № 1 Қазанбасы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

3

       

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 января 2026