Мәслихаттың 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 253 «Әулиекөл ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Мәслихаттың 2024 жылғы  25 желтоқсандағы № 253 «Әулиекөл ауданының  2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың «Әулиекөл ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 253 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. Әулиекөл ауданының 2025 - 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 7 528 438,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық  түсімдер бойынша – 2 362 496,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 25 281,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 5 854,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 5 134 807,0 мың теңге;   

2) шығындар – 8 061 072,3 мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредиттеу – 106 397,0 мың теңге, оның ішінде:

 бюджеттік кредиттер – 220 192,0 мың теңге;

 бюджеттік кредиттерді өтеу – 113 795,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен  операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  - 639 031,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 

639 031,3  мың теңге. »;

         көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
30 сентября 2025