Әулиекөл аудандық мәслихатының оныншы сессиясы /сегізінші шақырылымдағы/ ХАТТАМАСЫ

Әулиекөл аудандық мәслихатының оныншы сессиясы

/сегізінші шақырылымдағы/

ХАТТАМАСЫ

Әулиекөл ауылы                                                         2025 жылғы 24 сәуір

         Сессияны аудандық мәслихаттың төрағасы Қойшыбаев Дәулет Сәрсембайұлы ашады.

Құрметті депутаттар және шақырылғандар, кезектен тыссессияның жұмысына қатысу үшін 9 депутаттан 11 депутат келді.

Қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

         Сессия жұмысына аудан әкімі Таукенов Жансұлтан Қоңыртайұлы, аудан әкімінің орынбасары, Қостанай облысы бойынша ревизиондық комиссия мүшесі Байғабулов Руслан Сатубалдыұлы, ауыл, кент әкімдері, ауданның мемлекеттік бөлімдерінің, мекемелерінің басшылары, аудаңдық Қоғамдық кеңес мүшесі, БАҚ өкілдері қатысады.

         Сессияның барлық қатысушыларының назарын аударамыз, отырыстың әлеуметтік желілерде онлайн трансляциясы жүргізіледі, трансляцияға сілтеме мәслихаттың ресми интернет-ресурсында және БАҚ-та орналастырылған.

         Сұрақтар қоюдан, хабарламаларды айтудан бұрын мен қатысушылардан өздерін таныстырып, тегін, атын, әкесінің атын және лауазымын айтуды сұраймын.

         Құрметті депутаттар, бізге сессия жұмысының регламентін анықтап, сессияның күн тәртібін бекіту қажет.

         Сессия жұмысының келесі регламенті ұсынылады:

         Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша- 7 минутқа дейін

         Қалған сөз сөйлеулер, анықтамалар, сұрақтар, өтініштер, хабарламалар үшін - 5 минутқа дейін.

         Сессия шешімін ашық дауыс беру арқылы қабылдауды ұсынамын.

         Дауыс беруді ұйымдастыруды және дауыстарды санауды сессияға төрағалық ететін аудандық мәслихаттың хатшысы жүзеге асыруды ұсынамын.

         Егер барлық депутаттарға сессияны жүргізу тәртібі түсінікті болса, сессияны жүргізу регламенті үшін дауыс беруге кірісеміз.

         Кім қарсы-0, қалыс қалды-0.

         Егер қарсы және қалыс қалғандар болмаса, мен бірауыздан қабылдадым.

         Сессияның күн тәртібіне дауыс беруге кірісеміз.

         Күн тәртібінде екі сұрақ бар, депутаттарға күн тәртібінің жобасы таратылды.

         Кім қарсы-0, қалыс қалды-0.

         Егер қарсы және қалыс қалғандар болмаса, мен бірауыздан қабылдадым.

Құрметті депутаттар мен шақырылғандар, мәселелерді қарауға көшпес бұрын, депутаттар сессия материалдарын алдын ала электрондық форматта алғанын, олармен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік алғанын атап өту қажет.

Сессия қатысушыларының назарына келесі күн тәртібі ұсынылады:

  1. «2024 жылғы Әулиекөл ауданының аудандық бюджетінің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы».

/Хабарламашылар:

  1. Яримова Найля Вильнюсовна - Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы.

2.Байғабулов Руслан Сатубалдыұлы - Қостанай облысы бойынша ревизиондық комиссия мүшесі;

  1. Ыскаков Дастан Саматұлы - аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияның төрағасы/.
  2. «2024 жылға Әулиекөл ауданының ауыл, кент, ауылдық округінің бюджеттерінің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы»

/Хабарламашы: мәслихат төрағасы хабарлайды/.

  1. Мәслихаттың 2021 жылғы 18 наурыздағы №21 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

/Хабарламашы: Жылқыбаева Балжан Есенқызы – аудан мәслихаттының аппарат басшысы хабарлайды/.

  1. «Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №140 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

/Хабарламашы: мәслихат төрағасы хабарлайды/.

  1. Әулиекөл аудандық мәслихатының он бірінші сессиясының күн тәртібі туралы.

/Хабарламашы: мәслихат төрағасы хабарлайды/.

Осы күн тәртібі үшін қарсы болмасыныздар дауыс берулеріңізді сұраймын.

Иә- 9, Қарсы - жоқ, Қалыс қалды-жоқ.

Күн тәртібі қабылданады.

Сессияны 1 сағат ішінде өткізу ұсынылады.

Күн тәртібінің бірінші сұрағы бойынша «2024 жылғы Әулиекөл ауданының аудандық бюджетінің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы» сөз Әулиекөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Яримова Найля Вильнюсовнаға беріледі

(ақпарат қоса беріледі)

Д.С.Қойшибаев - аудандық мәслихат төрағасы

    Кімде Найля Вильнюсовнаға сұрақ бар ма?-Сұрақ жоқ

Осы сұрақ бойынша Қостанай облысы бойынша ревизиондық комиссия мүшесі Байғабулов Руслан Сатубалдыұлына ақпарат беру үшін беріледі

(ақпарат қоса беріледі).

  Кімде Руслан Сатубалдиевичке сұрақ бар ма?-Сұрақ жоқ

Осы сұрақ бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияның төрағасы Ыскаков Дастан Саматұлына ақпарат беру үшін беріледі

(ақпарат қоса беріледі).

Д.С.Қойшибаев - аудандық мәслихат төрағасы

Біз осы сұрақ бойынша шешім қабылдауымыз керек.

Шешім жобасы депутаттардың қолында бар.

Кім осы шешімнің бекітілуіне қарсы емес, дауыс берулеріңізді сұраймын.

Қарсы емес - 9, қарсы-жоқ, қалыс қалғандар-жоқ.

Шешім қабылданды.

Күн тәртібінің келесі сұрағы бойынша «2024 жылға Әулиекөл ауданының ауыл, кент, ауылдық округінің бюджеттерінің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту туралы». Қазақстан Республикасының бюджеттік Кодексінің 128 бабына сәйкес 2025 жылғы 21 сәуірде осы сұрақ депутаттармен бюджет және ауданның экономикасын дамыту мәселесі бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияның отырысында қаралды. Ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің барлық есептері қаралып туған сұрақтар бәрі қаралды.

Бүгін сессияда 2024 жылғы Әулиекөл ауданының ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің есептерін осы сұрақ бойынша шешім қабылдауымыз керек.

         Депутаттардың ұсыным, өзгерістер, ескертулер болмаса дауыс беруіміз керек.

Кім осы шешімнің бекітілуіне қарсы емес, дауыс берулеріңізді сұраймын.

Қарсы емес - 9, қарсы-жоқ, қалыс қалғандар-жоқ.

Шешім қабылданды

Күн тәртібінің үшінші сұрағы бойынша «Мәслихаттың 2021 жылғы 18 наурыздағы №21 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» сөз Жылқыбаева Балжан Есенқызы аудан мәслихаттының аппарат басшысына беріледі.

(ақпарат қоса беріледі)

Д.С.Қойшибаев - аудандық мәслихат төрағасы

  Кімде Балжан Есенқызы сұрақ бар? - Сұрақ жоқ

Біз осы сұрақ бойынша шешім қабылдауымыз керек.

Шешім жобасы депутаттардың қолында бар.

Кім осы шешімнің бекітілуіне қарсы емес, дауыс берулеріңізді сұраймын.

Қарсы емес - 9, қарсы-жоқ, қалыс қалғандар-жоқ.

Шешім қабылданды.

Күн тәртібінің төртінші сұрағы бойынша «Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №140 «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

(ақпарат қоса беріледі)

  Кімде сұрақ бар? - Сұрақ жоқ

Біз осы сұрақ бойынша шешім қабылдауымыз керек.

Шешім жобасы депутаттардың қолында бар.

Кім осы шешімнің бекітілуіне қарсы емес, дауыс берулеріңізді сұраймын.

Қарсы емес - 9, қарсы-жоқ, қалыс қалғандар-жоқ.

Шешім қабылданды.

Күн тәртібінің соңғы сұрағы бойынша «Әулиекөл аудандық мәслихатының он бірінші сессиясының күн тәртібі туралы».

 Жұмыс жоспарына сәйкес он бірінші сессияның күн тәртібі.

Кім осы шешімнің бекітілуіне қарсы емес, дауыс берулеріңізді сұраймын.

Қарсы емес - 9, қарсы-жоқ, қалыс қалғандар-жоқ.

Шешім қабылданды.

Құрметті депутаттар мен шақырылғандар, күн тәртібінің барлық сұрақтары қарастырылды.

Сессияның жүргізілуі бойынша қандай ескертулер болады? - Ескерту жоқ.

         Сессия жабылды деп жарияланады.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                                 Д. Қойшибаев

 

 

 

 

Дата публикации
23 мая 2025