Әулиекөл аудандық мәслихатының « Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешімінің жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

Әулиекөл аудандық мәслихатының «Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті  қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»  шешімінің жобасын "Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әзірледі.

 

Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті  қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын Әулиекөл аудандық мәслихатымен бекіту  болып табылады.

«Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті  қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешімнің жобасы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"  2001 жылғы  23 қаңтардағы  Қазақстан Республикасы  Заңының 39-3-бабының                                  6- тармағына,   Қазақстан  Республикасы  Ұлттық экономикасы министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек  жиындарын өткізудің  үлгі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді.

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.

Әулиекөл аудандық мәслихатының «Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті  қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»   шешімінің жобасы 2023 жылғы 12 қыркүйектен - 26 қыркүйекке  дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды ( сілтеме  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14707988 ).

 

Дата публикации
12 сентября 2023