Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы                           6-тармағына  және  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық экономикасы министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек  жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек  жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2.   Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін  ауыл тұрғындары  өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

Аудандық

мәслихаттың төрағасы                                                         Д.Қойшыбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                          Мәслихаттың

                                                                                          2023 жылғы ____ ______

                                                                                          № ___ шешіміне

                                                                                          1-қосымша

                                                          

 

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы  Әулиекөл ауылының

жергілікті қоғамдастықтың бөлек  жиындарын өткізудің

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылының  жергілікті  қоғамдастықтың бөлек  жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының  39-3-бабы  6-тармағына, Қазақстан  Республикасы  Ұлттық экономикасы министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек  жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына сәйкес әзірленді және Әулиекөл ауылы  тұрғындарының  жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

       1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

          2)  жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін ауыл аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

 

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын  өткізудің  тәртібі

 

  1. 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін  ауылдың аумағы учаскелерге (көшелерге) бөлінеді.
  2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
  3. Ауыл әкімі ауыл шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын  шақырады және ұйымдастырады.

           Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын ауылы әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етіледі.        
  2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында ауылдың (көшенің) қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

         Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру органдарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

     Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын  ауыл  әкімі  немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

            Ауыл  әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

           Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

  1. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің  кандидатураларын  Әулиекөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
  2. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

         Егер жергілікті қоғамдастықтың  бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың  бөлек жиынының хаттамасына  төраға мен хатшы қол қояды және  бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі  жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін  Әулиекөл ауылы  әкімінің  аппаратына береді.

         Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хатама жүргізіледі, онда:

         1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

         2) ауыл аумағында тұратын жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

         3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

         4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жернілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты \(ол болған жағдайда);

            5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

 

     

                                                          

                                                           Мәслихаттың

                                                           2023 жылғы ____ _______

                                                           № ___ шешіміне   

                                                           2- қосымша

 

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің

сандық құрамы

 

№

Көшелер атауы

Өкілдер саны (адам)

1

Байтұрсынов

1

2.

Баймағамбетов

1

3

Алтынсарин

1

4

Ерік Асанбаев

2

5

Саржетім Қарабалуан батыр

2

6

Қостанай

2

7

Сұлтан Еркімбаев

2

8

Гагарин, Космонавт

1

9

Мамедов

1

10

Куаныш Шәмшиев, Омаров

1

11

Пушкин, Западная, Индустриальная

2

12

9 Пятилетка,Бәйтерек, Есенин,Островский

2

13

Дорожная, Затобол, Строитель

1

14

Комаров, Лесная, Украинская

1

15

Чехов, Таран

1

16

Приозерная, Советская

1

17

1 Май

2

18

Байқұлақ Батыр, Уәлиханов, Южная

2

19

10 Пятилетка,Астана, Әуезов, Молодежная

2

20

Амангелді, Жангелді, Рахимов

1

21

Торғай, Жылгелдин

1

22

Шақшақ Жанибек батыр

2

23

Мир, Родниковая

1

24

Набережная, Озерная, Съянов

1

25

Чкалов

1

26

50 лет ВЛКСМ, Абай,  Новая, Прибрежная

1

27

Березовая, Песчанная, Трудовая, Фаризов

2

28

Восточная, Целинная

1

29

Жамбыл, Киров, Спортивная

2

30

Дружба, Досымханов,

Салык Молдахметов, Терешкова

2

31

Мұкаш Тойқожаұлы

1

32

Лермонтов, Заводская

1

33

Пионерская, Рабочая

1

34

Шаяхметов, Энергетик, Тұргымбаев

2

 

Барлығы

48

«Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті  қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Әулиекөл аудандық мәслихатының шешімінің жобасына

ТҮСІНДІРМЕ  ЖАЗБА

№

 

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның

ақпараты

1

Мәслихат шешімі жобасының атауы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы  Әулиекөл ауылының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті  қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

2

Мемлекеттік орган - жоба әзірлеуші

«Әулиекөл ауданы  Әулиекөл ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

3

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Бөлек жергілікті  қоғамдастықтың жиындарын өткізу қағидаларын бекіту

4

Жобаға қандай заң актілері, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге актілерді немесе тапсырмаларды іске асыру мақсатында енгізіледі.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы                           6-тармағына  және  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық экономикасы министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек  жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес

5

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

6

Жоба қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономи-калық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаның қабылдануы әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға соқтырмайды

7

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Көзделмейді

8

жобада көрсетілген мәселелер бойынша құзыретіне кіретін мемлекеттік орган басшысының визасы жоқтығының себептері

Барлық қажетті  бұрыштамалары бар

9

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

10

Заңнаманы кейіннен жобаға  сәйкес келтіру қажеттілігі

Басқа актілерді сәйкестендіру талап етілмейді

11

Өзге де мәліметтер

Жоқ

 

 

 

Дата публикации
12 сентября 2023