|
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новоселов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикасы министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Аудандық
мәслихаттың төрағасы Д.Қойшыбаев
Мәслихаттың
2023 жылғы ____ _____
№ шешіміне
1-қосымша
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новоселов ауылдық округінің
жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауылдар тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін ауылдар аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру органдарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылдық округте тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хатама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;
2) ауылдық округ аумағында тұратын жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жернілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты \(ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Мәслихаттың
2023 жылғы ____ _____
№ шешіміне
2-қосымша
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новоселов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
|
№ |
Новоселов ауылдық округінің елді мекендерінің, көшелерінің атауы |
Өкілдер саны (адам) |
|
1 |
Новоселов ауылы |
11 |
|
|
Баймағамбетов аулы |
2 |
|
|
Ленин көшесі |
2 |
|
|
Комсомольская көшесі |
1 |
|
|
Гагарин көшесі |
1 |
|
|
Мир көшесі |
2 |
|
|
60 лет СССР көшесі |
1 |
|
|
Подстанционная көшесі |
1 |
|
2 |
Аққұдық аулы |
3 |
|
3 |
Құрғуус ауылы |
3 |
|
4 |
Соснов ауылы |
3 |
|
|
Барлығы |
20 |
«Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новоселов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» Әулиекөл аудандық мәслихатының шешімінің жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА