ПРЕСС-РЕЛИЗ «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Әулиекөл аудандық мәслихатының шешім жобасына

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»  Әулиекөл аудандық мәслихатының шешім жобасына

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы»   шешім жобасы әзірленді.

Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты мәслихат шешімін «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 қаулысына сәйкес   келтіру болып табылады

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.

Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы»  шешімінің жобасы  2023 жылдың  15 тамызынан  2023 жылғы  29 тамызына дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырды.

 (  сілтеме  https:// legalacts.egov.kz/npa/view?id=14670048/)

 

Шешім жобасы  Әулиекөл аудандық мәслихатының сайтында орналастырылған .

 

Дата публикации
15 августа 2023