ШЕШІМ
жоба
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
ЛАУАЗЫМЫ АТЫ ЖӨНЫ
Мәслихаттың
2023 жылғы «___» _________
№ ____ шешіміне
1-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары
Жалпы ережелер
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға «бір терезе» қағидаты бойынша беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия - Әулиекөл ауданы әкімінің шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша құрылатын комиссия;
3) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
4) әлеуметтік көмек - жергілікті атқарушы органдарға мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) ақшалай немесе заттай нысанда, сондай-ақ мереке күндері мен атаулы күндерге берілетін көмек;
5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - «Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
6) ең төменгі күнкөріс деңгейі - ең төменгі тұтыну себетінің құнына тең бір адамға шаққандағы ең төменгі ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа табыс-отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
8) мереке күндері (бұдан әрі - атаулы күндер) - Қазақстан Республикасының кәсіби және басқа да мерекелер;
9) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған
тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні – 15 ақпан;
2) Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр;
3) Жеңіс күні – 9 мамыр болып табылады.
1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні – 15 ақпан;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
2) Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр:
1992 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде тәжік-ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
2003 жылғы тамыздан 2008 жылғы қазанға дейінгі кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгершілік ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
1986-1991 жылдар кезеңінде Таулы Қарабақта этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне, сондай-ақ басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
3) Жеңіс күні – 9 мамыр:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;
майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 100 000 (бір жүз мың) теңге, бір рет;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына - 100 000 (бір жүз мың) теңге, бір рет;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға - 100 000 (бір жүз мың) теңге, бір рет;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға - 100 000 (бір жүз мың) теңге, бір рет;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне - 100 000 (бір жүз мың) теңге, бір рет;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруы салдарынан мүгедектігі белгіленген әскери қызметшілерге - 100 000 (бір жүз мың) теңге, бір рет;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі белгіленген бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 100 000 (бір жүз мың) теңге, бір рет;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтарға - 60 000 (алпыс мың) теңге, бір рет;
Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына - 100 000 (бір жүз мың) теңге, бір рет;
1944 жылғы 1 қаңтар - 1951 жылғы 31 желтоқсаны аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға - 60 000 (алпыс мың) теңге, бір рет;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 30 000 (отыз мың) теңге, бір рет;
Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі және ауруға шалыну салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі және ауруға шалыну салдарынан мүгедектігі бар деп теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 30 000 (отыз мың) теңге, бір рет;
Жаралануы, контузия алуы, мертігуі және ауруға шалдығуы (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адамдар деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 30 000 (отыз мың) теңге, бір рет;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 30 000 (отыз мың) теңге, бір рет;
Заңның 8-бабы бірінші бөлігінің 4), 5) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Заңның 5,6,7,8-баптарында көрсетілген адамдардың басқа санаттарына бір мезгілде 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, табыстарын есепке алмай 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Заңның 8-бабы бірінші бөлігінің 4) 5) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, ардагерлерге және заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген басқа да адамдарға тұрмыстық қажеттіліктерге, кірістерді есепке алмағанда, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне, ай сайын, екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде, кірістер есепке алынбай;
4) туберкулез ауруымен ауыратын және амбулаториялық емдеудегі адамдарға, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кірістер есепке алынбай;
5) мүгедектігі бар адамдарға олардың оңалту орталықтарына және кері қайтуына байланысты шығыстарды өтеу үшін кірістерді есепке алмағанда, тоқсан сайын, 3 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
6) Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алуға байланысты, оқу жылы ішінде жартыжылдықта бір рет аударылатын нақты құны бойынша оқу ақысын төлеу үшін техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі не жоғары білім (бұдан әрі - білім) алғаш рет сатып алатын адамдарға, иеленушілер болып табылатын адамдарды қоспағанда, 400 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде білім беру гранттарын алушыларға, мемлекеттік бюджеттен төлемдердің өзге де түрлерін алушыларға:
өтініш жасаудың алдындағы соңғы он екі айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төменгі күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар отбасылардың күндізгі оқу бөлімінің жастарына;
табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын, күндізгі оқу бөлімінің жастарына;
табыстарын есепке алмай, мүгедектігі бар тұлғаларды оңалтудың және абилитацияның жеке бағдарламасында ұсынысы бар, мүгедектіктігі бар тұлғаларға көрсетіледі.
7) мүгедектігі бар адамдарға, жедел емделуге, табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, бір рет;
8) мүгедектігі бар адамдарға, дәрілік заттарды сатып алуға байланысты шығындарын өтеу үшін табыстарын есепке алмай, нақты шығындар мөлшерінде, біржолғы, 50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын;
9) мүгедектігі бар адамдарға, олардың санаторийлерге және кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, 3 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, бір рет;
10) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
11) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
12) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, қайтыс болған күні мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың адамдарына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
13) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, табысы есепке алынбай, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
2) жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселенген қатынасында болуы;
3) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;
4) қартаюға байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмау;
5) бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде болу.
Әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы орган айқындайды, содан кейін олардың тізімдері уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұрау салу жолымен қалыптастырылады.
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);
3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:
дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;
жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат;
Осы Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ағымдағы жылғы рецептілік бланкінің дәрігер куәландырған көшірмесін және кассалық және/немесе тауарлық чекті ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 5), 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар тұру фактісін және жол жүру құнын растайтын құжаттарды ұсынады.
13) тармақшада көрсетілген адамдар пробация қызметінен растайтын құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттарымен бірге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Осы Үлгілік қағидалардың және көрсетілген жағдайларда 16 және 17 -тармақтарында әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Мәслихаттың
2023 жылғы «___» _________
№ ____ шешіміне
2-қосымша
Мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімінің жобасына
түсіндірме жазбасы
|
№ |
Түсіндірме жазбада көрсетiлуге тиiстi мағлұматтар тiзбесi |
Әзірлеуші атқарушы органның ақпараты |
|
1 |
Шешім жобасының атауы |
«Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Әулиекөл аудандық мәслихатының шешімі |
|
2 |
Дайындаушы – мемлекеттік орган |
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
|
3 |
Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі |
«Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 қаулысына сәйкес |
|
4 |
Іске асыру мақсатымен қандай заңнамалық актілер, Президенттің, ҚР Үкіметінің актілері, басқа да актілер мен тапсырмалар жобаға енгізіледі |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 қаулысы |
|
5 |
Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері |
Мақсаты – азаматтарды әлеуметтік қолдау Мерзімі - алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі |
|
6 |
Жобаны қабылданған жағдайда болжамдалатын әлеуметтік–экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар |
Жобаны қабылдау шешім теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды |
|
7 |
Жобаны іске асыруға байланысты болжамдалатын қаржылық шығыстар |
|
|
8 |
Жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне жататын мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себептері |
Барлық бұрыштама бар |
|
9 |
Жобада қаралған мәселелер бойынша бұдан бұрын қандай актілер қабылданды және олар қалай орындалғаны туралы мәліметтер |
1. Мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі №419 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімі 2. «Мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі №419 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 14 сәуірдегі №33 мәслихаттың шешімі 3. «Мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі №419 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 20 сәуірдегі №115 мәслихаттың шешімі 4. «Мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі №419 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №150 мәслихаттың шешімі 5. «Мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі №419 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 5 сәуірдегі №7 мәслихаттың шешімі |
|
10 |
Басқа актілерді жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі
|
Жоқ |
|
11 |
Басқа мәліметтер |
|