Әулиекөл ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке жоспар бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы                                 4) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Әулиекөл ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке жоспар бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен  мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі:   

             1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде     

 мемлекеттік тіркеуді;

            2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін мәслихаттың интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. 4.  Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау мәслихаттың білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау  мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін /төрайымы Максютова С.К./.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                                                            Аты-жөні

 

 

                                                      Мәслихаттың

                                                     2022 жылғы "___" _________

                                                       №__ шешіміне

                                                    1-қосымша

Әулиекөл ауданында мүгедектертігі бар  балаларды жеке  жоспар бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу

тәртібі мен мөлшері

          1.Осы Әулиекөл ауданында мүгедектертігі бар  балаларды жеке  жоспар бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы»  бұйрығымен  бекітілген  «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) қағидаларына (әрі қарай-шығындарды өтеу қағидалары)  сәйкес әзірленді.

  1. Мүгедектігі бар балаларды жеке жоспар бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде «Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

            3.Үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу ( толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар  балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) үйде оқытылатын мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі.

  1. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.
  2. Шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан  кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
  3. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу  қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады.
  4. Мүгедектігі бар балаларды жеке жоспар бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедек балаға сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.
  5. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтемеу негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 v

Дата публикации
08 января 2023