Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабы 5- тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новоселов ауылдық округінің Соснов ауылының шекарасына Әулиекөл ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 910 гектар жерді қосу арқылы, Новоселов ауылдық округінің Соснов ауылының шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 2770 гектар шекарасында қоса берілген жерлердің экспликациясына сәйкес белгіленсін.
- Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.