«Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты» ММ уйымдастырушылық-қуқықтық қамсыздандыру бөлімінің 2022 жылғы 4 -тоқсан бойынша ішкі жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл министрінің №12 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгі қағидаларына сәйкес жүргізілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың уәкілетті тұлғасы бөлімше өз жұмысында басшылыққа алатын кодекстерді, заңдарды, құқықтық актілерді зерделеді.

2022 жылдың 3 тоқсанында аудандық мәслихат 37 шешім қабылдады, оның ішінде 2 шешім ҚР Әділет министрлігінде тіркелді және жарияланды. Аудандық мәслихат шығарған нормативтік құқықтық актілердің ай сайынғы мониторингінің нәтижелері бойынша нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2022 жылдың 4тоқсанына прокурорлық қадағалау актілері түскен жоқ. Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы:

кадрлардың ауысуы болмаған;

  1. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді;
  3. Рұқсат беру функциялары жоқ;
  4. Бақылау функциялары жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымсыз материалдар жарияланған жоқ.

Аудандық "Әулиекөл" газетінде 22.12.2022 жылы № 51 аудандық мәслихат хатшысының , мәслихат аппараты басшысының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кестесі және аудандық мәслихаттың сенім телефоны орналастырылған.

4 тоқсанда жеке тұлғалардан екі өтініш келіп түсті, жауап заңнамада белгіленген мерзімде берілді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған

 

Дата публикации
06 января 2023