Әулиекөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 9 айындағы қызметі туралы есебі

"Қазақстан Республикасындағы жергіліктң мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"  Заңға сәйкес аудандық мәслихаттың негізі нысаны сессиялық қызмет болып табылады.                             Депутаттар өздерінің өкілеттіктерін тек қана сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарында ғана емес, әкімдік және әкім жанындағы консультативтік-кеңестік органдардың, Қоғамдық кеңестің, Партиялық бақылау комиссиясының Қоғамдық кеңесінің  және "AMANAT" партиясының аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері болып та іске асырады. Партиялық бақылау комиссиясының Қоғамдық кеңесі құрылыс объектілерінде жұмыстардың орындалуы  сапасына бақылау жасауды жолға қойды.

          Сессияларды дайындау және өткізуді  ұйымдастыру іс-шаралары аудандық мәслихаттың регламентіне, сессияларды дайындау және өткізу іс-шараларына сәйкес жүзеге асырылады. 

         2022 жылдың 9 айында 9 сессия өтіп  55 сұрақ қаралды. Олардың ішіндегі ең көкейкесті және маңызды мәселелер  бюджетті қалыптастыру және орындауға, мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды іске асыруға байланысты сұрақтар болып табылады.

          Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес олардың 10 құқықтық нормаларды белгілейтіндіктен (НҚА) әділет органдарында тіркеуден өтіп, мемлекеттік нөмір беріліп мемлекеттік тізбеге енгізілді, 17 нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізілді.

           Өткен сессияларда депутаттар 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджетке 4 рет, Әулиекөл ауданының ауылдары, кенті, ауылдық округтерінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттеріне                     2 рет өзгерістер мен толықтыруларды, Әулиекөл ауданының 2021 жылға арналған бюджетінің орындалуын бекітті.

       Аудан әкімінің оған жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалу туралы есебі тыңдалды.

      Тиімді бақылау жасаудың тағы бір әдісі бұрын қабылдаған шешімдер мен бағдарламалардың орындаолу барысы туралы ұйым басшыларының есебін тыңдау болып табылады.

       Сессия жұмысына аудан әкімі, оның орынбасарлары, ауыл,кент, ауылдық округтер әкімдері, бөлім жәнеқызметтер басшылары, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысады. Мәслихат хатшысы аудан әкімі өткізетін отырыстарға, шұғыл кеңестерге қатысады.

 

          Мәслихатта екі тұрақты комиссия жұмыс жасап жатыр:

          бюджет, аудан аумақтарын дамыту, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару  мәселелері жөніндегі (төрағасы Митаев А.К),

         білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау  мәселелері жөніндегі (төрайымы Максютова С.К.).

          Тұрақты комиссиялар күнтізбелік жылға бекітілген жеке жоспар бойынша жұмыс жасайды.

           Тұрақты комиссиялардың негізгі мақсаты-сессияларда қаралатын сұрақтарды алдын ала қарасу және дайындау, жергілікті өкілді органның шешімдерін өмірге өткізуге ықпал жасау. Сондықтан аудандық бюдетті қалыптастыру, нақтылау және орындауға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипатқа байланысты сұрақтар олардың басты назарында болады.

            2022жылдың  9 айында тұрақты комиссиялардың  6 отырысы өтті, онда ауданның тіршілігі үшін маңызды мынадай:

         - Әулиекөл ауданында "Ауыл-ел бесігі" арнайы жобасының іске асырылу барысы туралы;

         - Әулиекөл ауданының кітапханаларын жаңғырту және цифрландыру туралы.

          -Әулиекөл ауданында мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде мектеп мекемелерінде спортпен шұғылдануға қолжетімділікті дамыту, сондай-ақ бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуды іске асырылуы туралы сұрақтар  және  басқа да бірқатар  маңызды мәселелер қаралды .     

         Депутаттардың  қоғамдық қабылдаудардағы, атқару органның жанындағы әртүрлі комиссиялардың жұмыстарына қатысулары-осының барлығы депутаттарға сайлау алды бағдарламаларын нәтижелі орындауға,

сайлаушылардың сенімін ақтауға және халық қалаулысы өкілеттігін табысты іске асыруға мүмкіндік береді.

         Аудандық мәслихаттың  "AMANAT" партиясының депутаттық фракциясы тіркелді, фракция жетекшісі- Жаппасова Жазира Есімханқызы.

          Депутаттық фракцияның барлық мүшелері сайлаушылармен жер-жерде, өз орындарында кездесті, аудан тұрғындары оларды таниды, өтініш жасайды.

           Есеп беру кезеңінде біз  жоғары тұрған  органдарға 4 сұрау жасадық.

           Әр депутат тоқсан сайын  "AMANAT" партиясының Әулиекөл аудандық партиясының қоғамдық қабылдауында сайлаушыларды қабылдайды.

          Өздерінің өкілеттіктерін іске асыру барысында халық қалаулылары аудан әкімі аппаратымен, ауылдық округ әкімдерімен, аудан мекемелерінің басшыларымен, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен, ауданның Қоғамдық кеңесімен белсенді түрде қарым-қатынаста іс-әрекет жасайды.

          Депутат жұмысындағы бастысы бәріне бұрын өзіңнің тұрып және жұмыс жасап жатқан жеріңде адамдарға пайдалы болуыңда.

         Депутаттар қайырымдылық акцияларына қатысады, тұрғылықты мекен-жайларында үлкен материалдық және  демеушілік  көмек көрсетеді, қабылдауға келген және материалдық көмекке мұқтаж адамдарға көмектеседі.

          Тұтастай алғанда, әр депутат, өз қызметін жоспарлайды, аудан алдында тұрған міндеттерді шешуге өзінің қатысуы бойынша нақты шараларды белгілейді. Ең бастысы- депутаттардың белсенді позициясы- басты мақсат-бастамашы және табанды болу, аудан тұрғындарының әл-ауқатын тапжылмай жақсартуға жету.

           Ауданның депутаттық корпусы Әулиекөл ауданының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін табысты шешу жөніндегі жұмысты әрі қарай жетілдіре береді.      

         Депутаттардың жұмысының нәтижелілігі белгілі бір деңгейде мәслихат аппараты қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктеріне де байланысты.

         Аппарат депутаатттардың жұмысы туралы халыққа толық ақпарат беру үшін барлық шараларды қолданады. 2021 жылдан сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарының тікелей трансляциясы Aitube каналында     басталды, ол да жұмыстың ашықтығы мен жариялылығы принципін түсіндіреді. Осы жылдың 9 айында аудандық мәслихаттың сайтында  өзінің қызметіне байланысты 82 жариялым шығарылды.

        Мәслихаттың қызметі мен өкілеттілігі туралы, депутаттардың жұмыстарының бағыттарымен танысуға, қабылданған нормативтік-құқықтық актілер туралы         ақпаратты аудандық мәслихаттың сайтынан, парақшасынан еркін алуға болады.

        

        

 

 

Дата публикации
07 октября 2022