Әулиекөл ауданы Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы

Ағымдағы жылдың 4 наурызында Әулиекөл ауданының Қоғамдық кеңесінің жаңадан сайланған құрамының бірінші ұйымдастырушылық отырысы өтті.

Заңнамаға сәйкес бірінші отырысты ауданның Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының төрайымы А.С. Бекмағамбетова ашты.

Қоғамдық кеңестің мүшелері бірауыздан Қоғамдық кеңестің төрайымы болып Жансүгіров Альмира Багитовнаны сайлады. Одан әрі отырыс жұмысын кеңестің сайланған төрайымы жүргізді.

Бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер қаралды. Әулиекөл ауданының Қоғамдық кеңес комитеттерінің құрамы жасақталып, комитеттердің төрағалары сайланды.

Қоғамдық кеңестің Төралқасы сайланды. Төралқаның негізгі міндеттері комитеттердің, Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіру, Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындық, Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету, Қоғамдық кеңес ұсынымдарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру болып табылады. Заңнамаға сәйкес қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы ауданның қоғамдық кеңесінің ережесін әзірлеп, бекітуге ұсынды. Ереже кеңес мүшелерімен бекітілді.

Әулиекөл ауданының Қоғамдық Кеңесінің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Дата публикации
07 марта 2022