Әулиекөл аудандық мәслихатының VII шақырылған депутаттық корпусы 33 елді мекендегі 39 441 адамның мүддесін білдіретін 12 депутаттан құрылған.
Халық қалаулыларының құрамында ауылшаруашылығы құрылымдарының басшылары, педагогтар, денсаулық сақтау жүйесінің, БАҚ өкілдері, инженер қызметкерлері бар.
Өзінің қызметіне орай олар күнделікті сайлаушылардың жеке, қоғамдық және әлеуметтік сипаттағы мәселелерін шешеді, сондықтан халық қалаулыларының депутаттық қызметі белгілі бір дәрежеде олардың кәсіби жұмыстарымен қиылысып жатады.
Депутаттар өздерінің өкілеттіктерін тек қана сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарында ғана емес, әкімдік және әкім жанындағы консультативтік-кеңестік органдардың, Қоғамдық кеңестің, партиялық бақылау комиссиясының және " Nur Otan " партиясының аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері болып та іске асырады.
2021 жылдың 9 айында 11 сессия өтіп 40 сұрақ қаралды. Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес олардың 11 құқықтық нормаларды белгілейтіндіктен әділет органдарында тіркеуден өтіп, мемлекеттік нөмір беріліп мемлекеттік тізбеге енгізілді.
Бұрынғы жылдардағыдай бюджеттің бекітілуі мен орындалуы- жергілікті өкілді органның басты сұрақтары.
Өткен сессияларда депутаттар 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджетке 2 рет, Әулиекөл ауданының ауылдары, кенті, ауылдық округтерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттеріне 2 рет өзгерістер мен толықтыруларды, Әулиекөл ауданының 2020 жылға арналған бюджетінің орындалуын бекітті.
Аудан әкімінің оған жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалу туралы, орталық аудандық аурухананың бас дәрігері С.В. Шульгиннің, Құсмұрын ауруханасының бас дәрігері Е.В.Буяльскаяның Әулиекөл ауданындағы денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы есептері тыңдалды. Бұлардан басқа:
- Әулиекөл ауданының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылу қорытындысы туралы;
- Ауданның ауылдары, кент және ауылдық округтері әкімдерінің оларға жүктелген міндеттер мен функцияларының іске асырылуы туралы есеп берулері қаралды.
Олардың ішіндегі ең көкейкесті және маңызды мәселелер бюджетті қалыптастыру және орындауға, мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды іске асыруға байланысты сұрақтар болып табылады.
Мәслихатта екі тұрақты комиссия құрылып, жоспарға сәйкес жұмыс жасап жатыр: бюджет, аудан аумақтарын дамыту, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі (төрағасы Митаев А.К), білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі (төрайымы Максютова С.К.).
2021 жылдың 9 айында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 3 отырысы өтті, онда ауданның тіршілігі үшін маңызды мәселелер қаралды:
-Ауданның мәдениет мекемелерінің жағдайы мен олардың қызметін жетілдіру шаралары туралы;
-Халыққа қызмет ету орталығының (ХҚО) халыққа қызмет көрсетуі бойынша қызметі туралы;
- Жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету және оларды ауданның қоғамдық өміріне араластыру жөніндегі жағдайлар мен шаралар туралы.
2021 жыл бойы бюджеттің орындалу процесінде бюджет, аудан аумақтарын дамыту, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі комиссия отырыстарында аудандық бюджетті нақтылау 2 рет және ауданның ауылдық округтерінің бюджеттерін нақтылау 2 рет қаралды.
Депутаттар біздің аумақтағы объектілердің күрделі жөндеулері мен құрылысы барысына бақылау жасау жөніндегі жұмысты белсенді жүргізеді. Депутат Митаев А.К. Новонежин ауылындағы су құбырын салу құрылысын бақылауда ұстайды.
Аудандық мәслихаттың барлық іс-шаралары ашық және таза тәртіпте өткізіледі. Биылдан бастап біз сессияларымызды онлайн тәртібінде жүргізуді бастадық.
Сессия жұмысына аудан әкімі, оның орынбасарлары, үкіметтік емес ұймдардың өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Мәслихат хатшысы аудан әкімі өткізетін отырыстарға, шұғыл кеңестерге қатысады.
Депутаттар тек қана ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі мәселелермен ғана емес, еліміздің маңызды әлеуметтік-саяси оқиғаларына де тікелей қатынасады. Олар еліміздің Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауындағы қойылған мақсаттар мен тапсырмаларды түсіндіретін оперативтік ақпараттық-түсіндіру тобының құрамында.
Түсіндіру жұмыстарынан басқа да депутаттар әртүрлі қайырымдылық акцияларына қатысады, тұратын мекен- жайы бойынша үлкен материалдық және спонсорлық көмек береді, қабылдауына келгендерге көмектеседі және мұқтаж адамдарға материалдық қолдау көрсетеді.
Депутаттардың жұмысының нәтижелілігі белгілі бір деңгейде мәслихат аппараты қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктеріне де байланысты.
Қызметкерлер мәслихаттың ұйымдастырушылық және құқықтық қамсыздандыруын жүзеге асырады, депутаттарға өз өкілеттіктерін іске асыруға көмек көрсетеді. Аппарат қажетті материалдық-техникалық базамен, еліміздің заңнамаларының үнемі жаңартылған бағдарламаларымен қамтылған. Үнемі құқықтық мониторинг жүргіліп отырады, құқықтағы қайшылықтар мен ескі нормалар айқындалып, әзірлеуші органдарға көмек ретінде тиісті хаттар жолданады.
Аудан азаматтарына мәслихат пен депутаттардың күнделікті жұмыстарына барынша қол жетімділікті қамтамасыз етуге тырысамыз. Мәслихаттың қызметі мен өкілеттілігі туралы, депутаттардың жұмыстарының бағыттарымен танысуға, қабылданған нормативтік-құқықтық актілер туралы ақпаратты аудандық мәслихаттың сайтынан, парақшасынан еркін алуға болады.
Өздерінің өкілеттіктерін іске асыру барысында халық қалаулылары аудан әкімі аппаратымен, ауылдық округ әкімдерімен, аудан мекемелерінің басшыларымен, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен, ауданның Қоғамдық кеңесімен белсенді түрде қарым-қатынаста іс-әрекет жасайды.