Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл министрінің №12 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгі қағидаларына сәйкес жүргізілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың уәкілетті тұлғасы бөлімше өз жұмысында басшылыққа алатын кодекстерді, заңдарды, құқықтық актілерді зерделеді.
2021 жылдың 1 тоқсанында аудандық мәслихат 32 шешім қабылдады, оның ішінде әділет органдарында 5 шешім тіркелді.
Заңнама талаптарына сәйкес ай сайын Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтау мақсатында аудандық мәслихат шығарған нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізілді. Нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2021 жылдың 1 тоқсанына прокурорлық қадағалау актілері түскен жоқ.Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:
Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымсыз материалдар жарияланған жоқ.
Аудандық «Әулиекөл» газетінде аудандық мәслихат хатшысының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі, мәслихат аппаратының басшысы 2021 жылдың 1 тоқсанына арналған және аудандық мәслихаттың сенім телефоны орналастырылған.
1 тоқсанда жеке тұлғалардың жеке қабылдауда үш өтініші болды, ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша прокуратурамен салыстыру жүргізіледі.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған